Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Жаңаөзендегі жарылыстан 1 адам қаза тауып, 13 адам зардап шекті,  деп хабарлады  dasturkb.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17.04 күні сағат 05-04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберістегі пәтерінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 ш.м. аумақта кіреберіс құлаған.

«Сағат 08:30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 08:30-ға дейін 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды. Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті», – делінген хабарламада.

Тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылуда. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды. Жарылыс орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде.

Бөлісу: