«Жолақ үстінде кем дегенде 40 минут бойы ұшып жүрдік» 

Павлодардан астанаға жеткізілген донорлық жүректің оқиғасы.

Трансплантация – ең күрделі хирургиялық араласу, бірақ медициналық тұрғыдан ғана емес. Донорлық органдарды трансплантациялау көп уақытты және ондаған мамандардың қатысуын қажет етеді. Ал кейде ол ерлік пен батылдықты қажет ететін тұтас шытырман оқиғаға айналады – дейді «Жүрек Орталығының» баспасөз қызметі.

«Жұма күні кешке біздің топ жүрек доноры болған Павлодар қаласына ұшып кетті. 42 жастағы ер адам геморрагиялық инсульттен, яғни миға қан құйылғаннан зардап шекті. Біз органды алып, кез келген уақытта кері ұшуға дайын болдық, өйткені донорлық органды уақытында жеткізу маңызды», – дейді кардиохирург, трансплантациялық топ мүшелерінің бірі Әсел Медресова.

Алайда, күтпеген жағдайлар әдеттегі қалыптасқан алгоритмге араласты: елордада ауа-райының нашарлауы соншалық, әуе кемесінің командирі ұшуды сәл кейінге қалдырып, ұшуға шарттары жақсарғанша күтуге шешім қабылдады. Бірақ донорлық органдарды тасымалдау жағдайында әрбір минут есепке алынады, сөйтіп санитарлық авиация борты барлық жағдайларға қарамастан ұшты.

«Ұшу тек 3,5 сағаттан кейін ғана мүмкін болды. Бір сағаттық ұшудан кейін біз астаналық әуежайға жеттік, бірақ қатты боранның салдарынан жолақ үстінде кем дегенде 40 минут бойы ұшып жүрдік. Кеменің бүкіл командасы мен экипажы қатты алаңдады, өйткені ұшақ желден дауылға ұшырады, басқа қону нүктесіне ұшуға жанармай жеткіліксіз болды, ал пациент пен Орталықтағы команда донорлық органды асыға күтті. Уақыт бізге қарсы жүрді», — деді Әсел Медресова.

Нашар көрінуіне және қатты боранға қарамастан, әуе кемесінің командирі Юрий Новицкий мен екінші ұшқыш Мұрат Бюраев әуежай диспетчерлерімен келісіп, ұшақты қондыру жауапкершілігін өз мойнына алды – және, бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай өтті.

Дәл осы кезде Жүрек Орталығында хирургтар тобы бригада мен донорлық жүректі күтті. Бригада клиникаға жеткен соң, жүрек біздің Орталықтың қабырғаларында жүрек трансплантациясы бойынша алдыңғы операция кезінде жасалған донорлық органдарды сақтаудың жаңа жүйесіне ауыстырылды. Бұл инновациялық технология донорлық жүректі сақтау уақытын арттыруға көмектеседі.

«Бүгінгі таңда күрделі мәселенің шешімін табу ертеңгі басқа мәселелердің революциялық шешілуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан донорлық органдарды ұзақ сақтау бойынша жаңа технологиясын қолдану және одан әрі дамыту Орталықтың басты мақсаттарының бірі болып табылады», – деді Жүрек Орталығының кардиохирургия клиникалық-академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.

Бұл күрделі және тіпті тәуекелді сапар бекер болған жоқ: 15 қаңтарда Павлодардан әкелінген донорлық жүрек 55 жастағы науқасқа сәтті трансплантацияланды. Бұл Жүрек Орталығы, Павлодар қаласының №1 қалалық аурухана ұжымдарының үйлесімді жұмысының және санитарлық авиация экипажының батылдығының арқасында мүмкін болды.

 

Бөлісу: