Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауы еліміздің саяси және рухани өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі болғаны айқын. Биылғы Жолдаудың басты тақырыбы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер болды.
Президенттің жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы 1996 жылдан бастау алады. Елбасы Жолдаулары ҚР Президентінің конституциялық өкілеттіліктерінен туындайды. ҚР Конституциясының 44-бабының бірінші тармағында ҚР Президенті «Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды» деп жазылған.
2018 жылдың 5 қазанында Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған болатын. Елбасы өз Жолдауында алдағы атқарылар және де өткен үлкен іс- шараларды атап өтті. Бұл іс-шаралар Елбасы айтып өткендей, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің көрінісі болып табылады.
Президенттің еліміздің әлеуметтік- экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани- мәдени
саласын жаңғыртуға, еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы беделін арттыруға, еліміздің әлемдік
кеңістіктегі орны мен рөлін анықтауға
арналған жүйелі және мақсатты
түрде жүргізген саясаты осы халыққа арналған
Жолдауларынан көрініс
тауып отыратыны
белгілі. Еліміз тәуелсіз ел болғаннан бастап қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-рухани саласында, сондай-ақ этносаралық татулық пен қоғамдағы бейбітшілік саласында қол жеткен табыстары мен жетістіктері Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы негізінде бастау алып, қолданысқа еніп отыр.
Президент өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында қоғамның барлық саласына қатысты жағдайларды қамтып отырады. Бұл жолы басты назар әлеуметтік салаға ауып отыр. Айта кетсек, Президент елді алаңдатып отырған мына мәселелерге баса назар аударды, халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру.
Сондай-ақ, Президент еліміздің қоғамдық- саяси,әлеуметтік,рухани-мәденимәселелерімен қатар сыртқы саясаттың басымдықтарына да тоқталып өтті. Мәселен, Еуразиялық Одақ, Орталық Азия, Қытай, АҚШ, Еуропа Одағы, Түркия және өзге де мұсылман елдерімен өзара тиімді екі жақты қатынастар дамыту.
Осы жоғарыда айтылған мәселелерді зерделей келе, Президент Жолдауының тарихи маңызы жоғары екенін және әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс екенін көреміз.
Д. Жұмағалиев, жас тарихшы