ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

2018 жылдың екінші жарты жылдығында «Отырар» мөлтек ауданында «Нұрлы   жер»   бағдарламасы   бойынша 5  қабатты  әрқайсысы  1,  2,  3  бөлмелі 60 пәтерден тұратын 20 тұрғын үйдің салу жоспарланған болатын.Бүгінде сол аталған тұрғын үй құрылысының 14 салынып, аяқталуға жақын. 6 тұрғын үйдің құрылысы жуық арада басталмақ.

Аталған тұрғын үйлердің жобалық сметалық құны 7  млрд.  440  млн теңгені құраса, аумағы 7,4 гектар жерге орналасқан.    Құрылысты    7    мердігер мекеме жүргізуде.

Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй, ал, жыл соңында 540 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үйлер қаламызда үй кезегінде тұрған сегіз мыңнан астам тұрғындарға өз кезегімен берілетін болады.

Сонымен қатар аталған мөлтек ауданда сондай-ақ жеке инвестор есебінен көпқабатты 6 ипотекалық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Ал, бұл үйлер «7- 20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға берілмек.

Тұрғын    үй    құрылыс    бойынша:
Әкімшілік іскерлік орталығынан 7 қабатты көп пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысына» бүгінгі таңда 5,4 га жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау      тапсырмасына (АПЗ) қажетті техникалық құжаттары жинақталып ЖСҚ-ы әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Астанапроект» ЖШС-гі.

Әкімшілік      іскерлік     орталығынан 7  қабатты  көп  пәтерлі  10   тұрғын үйдің   құрылысына»    бүгінгі    таңда 4,8 га жер телімі бөлініп, сәулет- жоспарлау тапсырмасына (АПЗ) қажетті техникалық құжаттары жинақталып ЖСҚ-ы  әзірленуде.  Жобалаушы  мекеме «Mataibekov architects» ЖШС-гі.

Мәлімет үшін: «ЕвроРемонтСервис» ЖШС-гі – 1 тұрғын үй, «Корпорация Ақ Ордасы» ЖШС-гі – 1 тұрғын үй, «Ақ-Жол» ЖШС-гі – 2 тұрғын үй, «Тамыз Құрылыс ББК» ЖШС-гі — 1 тұрғын үй, «Темир и К» ЖШС-гі — 1 тұрғын үй, «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-гі — 1 тұрғын үй, «Стройсервис-ХХІ» ЖШС-гі 1 тұрғын үй, «Алматы-Строй-Контракт» ЖШС-гі – 2 тұрғын үй: бүгінгі күнде қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу: