Сіз мұражайда толығымен жібек жіптермен көмкерілген үлкен де кіші кестеленген заттардың алдында тұрғаныңызда бірінші ойға келетіні: «Бұл қалай жасалады, шынымен қолмен бе?! Керемет. Бұған қаншама уақыт жұмсалды екен, айлар ма, жылдар ма?!» Алынған мәліметті қорыта отырып, сіз Орталық Азия кестесінің таңғажайып сәндік кеңістігін жасаған халықтық қиялдың толық күші мен тереңдігін түсіне бастайсыз. Суреттің күрделі графикасы мен бояудың қанықтылығы таңғалдырады. Соңында, сізде – бұл үлгілер нені білдіреді? Олардың мағынасына еніп, кесте тігушілердің сызбаларының сырын ашуға бола ма секілді сұрақтар пайда болары анық.
Орта ғасырларда Орта Азияда асқан шебірліктің кестелеу техникасымен, әсем бедерімен – декорымен ерекшеленетін көптеген көркем кестелеу шеберлері өмір сүрді. Сән-салтанаттың бейнесі болған қымбат маталарда Қытайдың, Үндістанның, Иранның, Египеттің ықпалымен кестеленген жергілікті көркемдік дәстүрлер бейнеленген туындылар пайда болған. Кей кезде бір-біріне қарама-қайшы көзқарастарды көрсететін әр түрлі, шығу тегі таңғаларлық сәндік бейнелер пайда болды.
Әр түрлі бастаулардағы эстетикалық құбылыстардың мұндай селбеуі бұл Орта Азияның ғасырлар бойы фарфор мен дәмдеуіштер, маталар мен кілемдер тасымалданатын Ұлы Жібек жолының қиылысында болғандығына дәлел еді. ХІХ ғасырда, мұсылмандық өнерінің классикалық түрлері жоғалып бара жатқан тұста халықтық дәстүрлерге қатысты қолөнер мен әйелдердің қолөнері кейбір аудандарда дамуи бастады.
Олардың қатарында өткен ғасырлардың мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ортағасырлық мәдениеттің ең жарқын, айрықша құбылыстарына айналған кесте тігу мәдениеті бар еді.
Ислам өнерін зерттеуде көбінесе оның классикалық түрлеріне – миниатюраға, каллиграфияға, архитектуралық безендіруге, сарай қолөнеріне баса назар аударылды, ал фольклорлық ортада кең таралған салт-дәстүр және күнделікті сиқырларға байланысты сақталған кестелеу қолөнері бұрынғы даңқының шалғайында қалды.
XIX ғасырдың соңында Орта Азия сәндік кестесі дәстүрлі күнделікті өмірдің нысандары ретінде емес, зерттеушілердің назарын аударды, өйткені кестеленген әрбір бұйым, олар үйлену, тұсау кесу, қыз ұзату және тағы басқа рәсімдерде қолданылатын сиқырлы тұмар ретінде өздерінің жоспарланған міндеттерін орындай отырып, өзінің табиғи болмысын жалғастырды.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында кесте бұйымдары этнографиялық топтамалар ретінде ғана жинақталып, Еуропа, Түркия, Ташкент, Мәскеу, Санкт-Петербургте өткен қолөнер көрмелерінде көрсетілген. Бүгінде көне заманның кестелері өте сирек болса да кездеседі. Коллекционерлер өз жинақтарына түпнұсқа, аукционшылардың бірегей үлгілерін алуда кез келген бағаны береді, ал мұражай қызметкерлері зерттеушілерден тым қымбат баға сұрайды. Алайда саланың мамандары осы өнер түріне қатысты ақпараттарды жинауға кез келген жағдайды пайдаға асырады.
Отырықшы халық қолданбалы өнерінің әр алуан саласында сәндік кестелеу ерекше орын алады – таңғажайып өрнектері мен күш-қуатқа бай түрлі-түсті реңімен адамды сиқырлап алады. Егер керамика, темір, тері ұсталары дәстүрлі түрде қолөнердің ерлер айналысатын түрі болса, кесте – бұл әйелдің сабырлығын, түс таңдау қабілетін, өзін-өзі көрсету патшалығы, ұлттық мәдениетінің таңғаларлық өзіндік, әлі толық түсіндірілмеген құбылысы. Кез келген әйел кесте тігумен айналысқан, сондықтан да өнердің бұл түрін ең жаппай және демократиялық кәсіп деп санауға болады.
Қолөнер түрінде дамып келе жатқан кесте шын мәнінде ұлттық нышанға айнала отырып, халық шығармашылығының ең жарқын және мәнерлі жетістігі болды. Мақта мен жібек, стиль мен ырғақ сезімі, шебер қолдар мен шексіз шыдамдылық – бұл кесте туындысын жасау үшін қажетті нәрсе. Ежелде бала кезінен бастап қыздарға инені қолдануды үйреткен – өйткені олардың қолдарымен жасалған төсек жапқыштар мен перделер, қыз жасауының ажырамас бөлігі, үйлену тойының ең маңызды нышандары болды, бұл кең тараған наным бойынша, әулетті жалғастыруға ықпал етті.Кестеленген сарындардың аз-көптігі бойынша олар отбасының байлығы мен қоғамдағы дәрежесін, қалыңдықтың шеберлігі мен еңбекқорлығының көрсеткіші болған.
Қолөнер дәстүрлері анадан қызға мұқият беріліп отырды. Оқшауланған өмір салтында әйелдер өздерінің ішкі әлеуетін, ішкі еркіндік сезімін кестелер арқылы көрсеткендігі таңғаларлық. Қазіргі кезде классикалық кесте түрі бүкіл әлемде өзінің көркемдік ерекшелігімен, зерлі тігін бұйымдарының нәзіктігі, тігісінің дәлдігі, табиғи бояғыштардың үйлесімдігі түстерімен жоғары бағаланады. Сонымен қатар, көзге көрінетін эстетикалық артықшылықтардан басқа, кесте салттық рәсімдердің нышаны ретінде киелі білімнің тасымалдаушысы болып табылады.
Кестенің әрбір өрнегінде ежелгі сиқырлы білім мен сенім-нанымдар, олардың ғұрыптық рөлі әрбір үлгіде шифрланғандай. Ою-өрнек өнерін үш тұрғыдан қарастыруға болады: материалдық мәдениеттің туындысы ретінде қолданылатын материалдар, тігістердің түрлері, бояулар, көркемдік дәстүрлер ретіндегі стиль, композициялар, бедер сарындары, түс. Халықтың рухани мәдениетінің маңызды бөлігі ретінде – кестеленген өрнектер көзқарас тұрғысын оның заңдылықтарының ақпараттылығы және мағыналық мазмұны сипаттаған. Бұл мақала кесте тігудің мағыналық мазмұнына бағытталады.
Уақыттың өтуімен және қоғамның өзгеруімен мәдениеттің қасиетті кодтары біртіндеп ұмытылып, осы бірегей туындыларды болмыстың барлық толықтығынан айырды. Бедер сарындары мен олардың атауларының көркем түсіндірмесі өзгерді, оларға байланысты ұғымдар ұмытылды. Кестелерді мәдени мәтін ретінде қарау бізге ұмытылған мағыналарды «қалпына келтіруге» және халық шығармашылығының осы құбылысын толық бағалауға мүмкіндік береді. Алтын Ордаға енген аймақтардың аумағында ислам өнеріне ықпал еткен әр түрлі көркемдік дәстүрлердің өзара әрекеттесуіне жағдай туды.
Мұсылман халықтары арасында қалыптасқан ерекше эстетиканың дамуы туралы түсінік беретін көрнекті еңбектермен қатар табиғи нәрсе – бұл кесте тігу. Аталмыш мәдениетте көптеген мағыналық өрнектер бар: Анар – құнарлылық, пышақтың бейнесі – зұлым рухтардан сақтайды, шам мен құмыра – ластықтан тазартудың нышандары.
Осы мақала аясында Орта Азия елдерінің кесте тігу мәдениетінде өзіндік орны бар бір өрнекке тоқтала кетсем, бұл «Бадам» өрнегі. «Бадам» – Шығыста және түркі халықтарының арасындағы ең танымал ою-өрнектердің бірі. Ол әр түрлі мағынаға ие, мысалы, Қырым татарлары арасында ол тұрмысқа шығатын қыз, ал ұйғырлар арасында бұл адамның іштегі ұрығы, ал әзірбайжандар арасында – ол бастапқыда жалынның тілі болып табылады.Бадам тәрізді сарын шығыс елдерінің көптеген өнерінде бута ретінде белгілі; оның пішіні мен мағынасы зороастриялық шеңбердің суреттеріне байланысты болды – қырғауылдың, әтештің немесе тауыс құстың стильдендірілген бейнесі, жалын тілі немесе кипарис бейнесі. Ежелгі және орта ғасырларда ол қорғаушы тұмар, зұлым көзден сақтайтын құрал, сонымен қатар, өсіп өркендеу нышаны, жаңа өмірдің бастауы ретінде халықтық сиқыр белгілерінің тізіміне мықтап кірді.
«Бадам» өрнегінің түсіндірмесі қызықты, сонымен бірге, бадамға, жалынның тілі немесе талғампаз қисық жапырақ. Оның сәндік безендірілуіне де көп көңіл бөлінді. Мысалы, жапырақты екіге бөлуге болады, оның бір бөлігі қызыл және сары жолақтардан тұрады, ал екіншісі – кішігірім, қызыл түсті өрнектер орналасқан ақ түс. Сарынның нышаны тұмардың сиқырымен байланысты болды, өйткені жабайы тау бадамы, ащы жеміс, зұлым көзден және басқа да қиыншылықтардан сақтау мүмкіндігіне ие екен.
Шахрисабз бен Нұрата ауылдық кестелерінің безендірілуінде бадам тәрізді сарындар тізбегі немесе қарапайым бейін, салалық түстер – албасты-бадам жиі кездеседі. Бұл атау исламға дейінгі рәсімдердің қызықты беттерінің бірін де ашады. «Зороастрия құдайы Анахита» – босанатын әйелдердің қорғаушысы. Ислам оған тыйым салғандықтан, жергілікті фольклордағы Анахита Албастының зұлым сықыршысына айналды, ол әйелдер сенгендей, егер оның бейнесі төсеніште кестеленсе, жүкті болуға көмектеседі. Анахита – құнарлылық пен судың құдайы, беделін түсіру және жадтан өшіру үшін ертегілер мен аңыздарда қарама-қарсы кейіпкерге айналды – әйелдің бейнесіндегі жын-перілердің бірі босанған әйелді немесе нәрестенің өзін ұрлай алатын әйел, көпшіліктің санасын өз ырқына көндіре алған.
Албастының бейнесі, оның сыртқы келбеті әр түрлі халықтарда әртүрлі. Албасты – Орта Азияның көптеген халықтары арасында кеңінен таралған жын-перілердің бірі – адам кейпіне ене алатын сиқыршы. Ол адамдарға көбінесе жаңғақ ағашының түбінде отырған ұзын шашын тарайтын көп омырауынды әйел түрінде көрінуі мүмкін. Албасты әсіресе босанатын әйелдер мен жалпы жас келіншектер мен әйелдер үшін өте қауіпті деген пікір кең тараған. Кестедегі албасты-бадам сарыны неліктен тойға қорғаныш сиқырлы шеңбер ретінде дайындалған?
Самарқан аңыздарында Албасты өз бейнелерін жасауға бұйрық береді және оларды өздерімен бірге алып жүретіндерге зиян тигізбеуге уәде береді.
Албастының адам тәрізді бейнесі бар тұмарлар шынымен де халық арасында сәнге ие болды – әдетте, сопақ пішінді, мың бір омырауды бейнелейтін нүктелермен дақталған және денесін жабатын жүнді білдіретін сызықшалармен бейнеленген. Осыған байланысты ғалымдар исламға дейінгі кезеңде оның бейнесі басқа пайдалы қызметтермен байланысты болды деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, «албастының әйелдік келбеті ерекше атап көрсетіліп, баланың дүниеге келуі үшін оның қатысу қажеттілігі туралы сенімі оны «Албасты – ежелгі Азия Шолпаны – Анахитаның бейнесі» құдайдың өзгерген бейнесіне айналдырған.
Осылайша, этнографиялық деректер құдайлардың адам тәрізді бейнелерімен қорғаныш тұмарларын киюдің, атап айтқанда, «қасиетті сулардың құдайы» Анахитаның құнарлылығын беретін қорғаныш тұмарларын кию дәстүрінің болғандығын куәландырады. Ислам діні пайда болғаннан кейін бұл дәстүр отбасылық ғұрыптар шеңберінде сақталды және бір кездері исламға дейінгі өткен уақыттағы қайырымдылық құдайы сияқты жын-перілерге айналғанымен, халықтық сана өзінің қорғаныш қызметіне деген сенімділікті берік сақтады. Кесте туралы айтар болсақ, албастының қосымша анықтамасымен сарынын сыйлау оның сиқырлы қасиеттерін арттырды бадамның ащылығы зороастрия құдайына айналған бақсының зұлымдық сипатымен сәйкес келді.
Бұл жағдайда екі таңба да тұмар ретінде қолданылады және кескіннің өзі албасты бадам бойымен өтетін қауіпсіздік тізбегі түрінде, жас әйелді баланы көтеру және босану кезінде болуы мүмкін қауіптерден қорғауға кепілдік берді. Сонымен бірге, бадам сарыны мен Албасты есімі арасындағы байланыс тағы да зороастриялық белгілер шеңберіне сәйкес келеді. Бір қызығы! Анахитаға ислам тыйым салды, Албастыға айналды. Ал Орталық Азиядағы әйелдер оны «бадам» сарыны түрінде кодтаған. Олар өздерінің сүйікті құдай бейнесін кестеде қайталайды. Мұны перде жамылған Анахита деп түсінгендер Албастының құнарлы күшіне сенді. Алайда, ғасырлар өте және жаңа буын қыздары дүниеге келе, олар үшін Албасты үйлену, босану немесе нәрестеге зиян келтіретін бақсы ғана деп түсінгендер де бар.
Неліктен олар киімдер мен жаймаларға «бадамдарды» кестелей берді? Мысалы, жыланның сарыны салынған затты пайдалану, бұл жылан өз бейнесін «көріп», зиян тигізбейді деген сияқты. Сол қағида бойынша «албасты-бадам» өрнегі кеңінен қолданылды. Кестелерде көбінесе жібек маталарды негізгі фон ретінде қолданады – шохи-абр (икат техникасын қолдана отырып боялған) – қызыл, күлгін, жасыл, сары, өзіндік өрнекпен кестенің бірнеше қарабайыр өрнектерінің орнын толтырады. Жарыққа деген құштарлықты қанағаттандыратын әр алуан бұл кестелер талғам көрсеткіші сонымен қатар, кестеленген өрнектер арасындағы керемет қарама-қайшылық оларды қайталанбас туынды етеді.
Сақтардың 7 құдайы болған, оның үшеуі әйел құдайлары: Табити, Апи және Аргимпаса. Апиға табыну және оны қастерлеу біздің күндерімізге дейін кестелі сарын түрінде жеткен. Оның аты түркі тілдерінде «апа» деген атпен қалды – анасы, тәтесі, апасы; Түркі халқында Апи Ұмайға айналды. Апи де, Ұмай да – жердің бейнесі. Жер мен көктің бірігуінен барлық тіршілік иелері туады Тәңір-Ұмай, сақтардың арасында Папай-Апи. Үнді-еуропа тілдерінде Апи «су» немесе «өзен» дегенді білдіреді. Апи аспан ылғалды жерді бейнелейді. Апи жылан аяқты көп омыраулы болып бейнеленген, өйткені сақ мифологиясындағы жыландар жерді қоректендіретін жерасты суларын бейнелейді.
В.Ф.Миллер, Л.Згуст және басқа зерттеушілер Апи дегеніміз «ана» мағынасына жүгіну деген тұжырымға келді және барлық түркі халқының «апа» деген сөзі деген пікірде. Кестеленген кез келген бұйымдағы ежелгі Апи құдайы «бадам» сарыны – бұл әдемі пішін ғана емес, сонымен қатар, өмірге көмектесетін, зұлым көзге қарсы күшті бойтұмар. Әйтпесе, әйелдер оны үш мың жылдан бері және ол осы күнге дейін сақталмас еді.
Кесте өнері біздің күнделікті кеңістігімізді руханиландыратын, оны әсемдікке толтыра алатын талассыз әлеуетке ие. Дәстүрлі қолданбалы қолөнердің арқасында қазіргі заманғы мәдениет өзінің ерекшелігін сақтайды, ол жаһандану процестері кезінде өте құнды. Классикалық кесте ұлттық бірегейліктің бөлігі ретінде оның тамырларымен және дәстүрлерімен байланысы сақталған кезде өмір сүретіндігі және осы тұрғыдан оның бедерінің мағынасы туралы нақты зерттеулер оны болашақтың меншігі ету үшін өткеннен болашаққа қадам болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Гюль Эльмира. «Сады небесные и сады земные».
- Абдуллаева Ш. Мир узоров неизвестных локайцев: Каталог выставки. Ташкент.
- Домбровский Г. Сюзане – вышивки из Средней Азии.
- Сухарева О.А. Декоративная вышивка Самарканда: Рукопись. Библиотека НИИ искусствознания.
Дилорам Тауасарова,Тарихи мәдени-этнографиялық орталық қызметкері.