Қазақстан Теннис Федерациясы Нұр-Сұлтан қаласында жүлде қоры $275,000 болатын ATP 250 «AstanaOpen» кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізу құқығына ие болды деп хабарлайды, «Дәстүр» сайты Қазақстан Теннис Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қараша аралығында өтеді және әлемдік рейтингтің бірінші жүздігінің 60-тан астам қатысушысын жинайды. Әлемнің ең мықты теннисшілері өз қатысуын растады — Бенуа Пер (26), Адриан Маннарино (39), Джон Миллман (43) және т.б.
Теннис Қазақстан ұлттық құрамасында Александр Бублик (49), Михаил Кукушкин (88) және Дмитрий Попко (171) және т.б. өнер ұсынады.
АТР 250 әлемдік турына жылына 40 кәсіби ерлер туры кіреді. Алайда, осы маусымда пандемияға байланысты барлығы 17 тур өтті. Нұр-Сұлтандағы турнир, шын мәнінде, маусымды жабады және теннисшілерге осы жылда соңғы рет АТР рейтингінде 250 ұпай алуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Теннис Федерациясы жыл сайын 50-ге жуық халықаралық турнир өткізеді, олардың қатарында Президент Кубогы мен Дэвис Кубогы бар.