Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық боксшыны екінші раундта құлатты

Орта салмақта жұдырықтасатын жеңілмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас штатындағы MGM Grand спорт кешенінде өтті. Жәнібектің қарсыласы 23 жастағы «Сиқыршы» лақап атты аргентиналық Гонсало Кория (16-4, 6 КО) болды.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды. «Сиқыршы» Жәнібектің ауыр соққысынан кейін орнынан тұра алмады. Оған дейін қазақ боксшы Корияны бірінші раундта-ақ есеңгіретіп, нокдаунға түсірген еді.

https://www.instagram.com/p/CGJZHyypjGM/

Бөлісу: