Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін айқасатын болды

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы Фалькао мен германиялық Винченцо Гуальтьери арасында осы белбеу үшін жекпе-жекті белгілеген болатын.

Менің бірінші мақсатым — IBF белебуі, одан кейін WBO чемпиондығы үшін айқасу. Мен келе жатырмын чемпиондар, — деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде.

Кел жасайық. Мен де соны қалаймын, — деп жауап берді Әлімханұлы.

Бәрі ретімен, мені күте тұр, — деді Фалькао.

Сені ұзақ күттім. Енді қанша күтемін? 40 жасқа дейін ба?, — деп жазыпты Жәнібек.

Біздің жекпе-жек өте тартысты болады, тек IBF белбеуіне жетіп алайын, — дейді Фалькао.

Бөлісу: