Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін айқасатын болды

1

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао және орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы екі титул үшін айқас өткізуге келісті, деп хабарлайды dasturkb.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фалькао Головкин босатқан IBF титулын жеңіп алғаннан кейін Жәнібекпен шығуға дайын екенін айтты. Мұның алдында Халықаралық бокс федерациясы Фалькао мен германиялық Винченцо Гуальтьери арасында осы белбеу үшін жекпе-жекті белгілеген болатын.

Менің бірінші мақсатым – IBF белебуі, одан кейін WBO чемпиондығы үшін айқасу. Мен келе жатырмын чемпиондар, – деп жазыпты Фалькао Twitter желісінде.

Кел жасайық. Мен де соны қалаймын, – деп жауап берді Әлімханұлы.

Бәрі ретімен, мені күте тұр, – деді Фалькао.

Сені ұзақ күттім. Енді қанша күтемін? 40 жасқа дейін ба?, – деп жазыпты Жәнібек.

Біздің жекпе-жек өте тартысты болады, тек IBF белбеуіне жетіп алайын, – дейді Фалькао.

Бөлісу: