Бүгінгі таңда Қазақстан этносаралық жəне конфессияаралық келісімдітатулық пен бейбітшілікті сақтауда әлем елдеріне үлгі болып отыр.
Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл саясаттыңтиімділігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Конфессияаралық келісім – қазақстандық қоғамның тарихи жетістігі.Дінаралық татулық әр кезде де қоғамның бейбітшілікті қамтудағы кепілі. Соның ішінде зайырлы мемлекеттерде қауіпсіздік пен бейбітшіліктің көрінісі конфессияаралық татулық болып табылады. Конфессияаралық татулықты негізгі ұстаным еткен біздің мемлекетіміздің саясаты жаһандану дәуірінде аяғын нық басуда.
Соңғы уақыттары Мьянмадағы рохинджа мұсылман халқының сол елдің жергіліктібиліктің адамзатқа қайшы жасалған әрекеттері жаға ұстатып отыр. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің пленарлық отырысында Мьянмада болған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, барлық тарапты бұл проблеманы БҰҰ алаңындағы диалог аясында тек бейбіт жолмен шешуге шақырған болатын. Байқағанымыздай, дінаралық қақтығысдіни, саяси, ұлттық, гуманистік нормалар шеңберінен шығып кетіп,адамзатқа қарсы әрекеттерге дейін ұласып, талай жазықсыз адамның өмірін қиылуына әкеліп соқтырады.
Конфессияаралық татулықтың маңыздылығы өте зор, себебі ұлттар мен ұлыстардың әр алуандылығы адамзаттың бейбіт күнде алаңсыз өмір сүріп, ұрпақ әкелуіне басты кепіл бола алады. Әсіресе, зайырлық принципі орнаған мемлекеттерде түрлі дін өкілдерінің бір тудың астында бейбіт өмір сүруінің қамтамасыз ету мемлекет саясатының дінаралық татулықты орнатуда маңызды қадам жасауын қажет етеді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылғандығын» Президент Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткен.
Сонымен қатар Елбасы «Біздің әр алуан ұлттар мен ұлыстар арасында өмір сүретіндігіміз – тағдырдың тартуы. Басты мақсатымыз – гүлденген көпұлтты мемлекет құрғымыз келсе, біз гуманизм, этникааралық толеранттылық қағидаларын ұстануымыз қажет»,- деген.
Расында да, Елбасымыз жоғарыда атап өткендей тағдыр тоғыстырған қазіргі қазақстандық қоғамдағы түрлі ұлттар мен ұлыстар, мәдениеттер мен этностардың арасында орнаған дінаралық татулық бүгінгі күніміздің бейбітшілігін қамтамасыз етіп отыр. Бірінші орында тұрған қауіпсіздігіміз дінаралық татулық, толеранттылықсыз жүзеге асуы екіталай еді. Себебі діннің қоғамда, жалпы адамзат өмірінде алар орны ерекше және күн өткен сайын дінге бет бұрушылардың саны артуда. Сонымен қатар діннің бір түрі емес оның алауандылығы, олардың ұстанымдары мен сенім түрлерінің бір жерде ұштаспауы дінаралық дау тудырып, төзімсіздікке әкеліп соқтырған мысалдары да аз емес. Қауіпсіздікті елдің бірінші басты мәселесіне қойған біздің еліміз дінаралық татулық, толеранттылық ұғымдарына аса зор мән беріп халық арасында бұл ұғымдарды уақытылы енгізуі мемлекет саясатының көрегенділігін көрсетеді.
Дінаралық татулық тұғырын берік етуде мемлекет басшысы қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық сезінетін саясаткер ретінде, әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Астана қаласында өткізуді ұсынғаннан бері, елімізде үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізілуде. Әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, біздің заманымыздың қасіреттері: фанатизм, зомбылық, экстремизм мен терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізетінін бағамдаған. Съездердің жалпы мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Съездер барысында өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл қадамдар жасалды. Сонымен қатар осындай маңызды алуан іс-шараның үнемі ұйымдастырылып отыруы еліміздің дінаралық татулық алаңына айналғанын байқатады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жемісті жұмыстарынан кейін Астанада «Бейбітшілік және келісім сарайының» құрылуы, аталмыш съез хатшылығы жұмыс тобының қызметін атқаратын әрі дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуды дамытуға бағытталған көптеген халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың ұйытқысы болып отырған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрылуы – Қазақстанның өркениетаралық және дінаралық үнқатысу мәселелерін ғаламдық деңгейде талқылауды жалғастыра беруге мүдделі екенін көрсетеді. Себебі, Қазақстанның бұл саладағы ұстанымы айқын: ол – бейбітшілік, түрлі ұлттармен конфессиялар арасындағы келісім.
Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтыруда маңызы ерекше болған нәрсе – дәстүрлі сипатқа сай ислам, христиан және иудейлік діндердің бойында жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының болуы. Бұл дәстүрлі діндер Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында және шаңырағы шайқалмай, қауіпсіз өмір сүруінде маңызды рөл атқарады:олар қоғамымыздағы достықты, қарым-қатынасты, өзара құрмет пен түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, Қазақстан көне заманнан бері сан алуан маәдениеттер мен діндердің тоғысқан мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы зороастризм, тәңіршілдік, христиан және ислам секілді әр түрлі сенімдер бейбіт қатар өмір сүргендігін, яғни конфессияаралық келісім ісінде ата-бабаларымыздан аманат боп қалған игі дәстүрлердің әу бастан-ақ болғандығын баяндайды.
Қорыта айтқанда, Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстанның өзін этносаралық және конфессияаралық сұхбаттың белсенді алға тартушысы ретінде ұстануы бекер емес. Сан алуан ұлт және конфессия өкілдері мекен ететін біздің еліміз олардың тығыз өзара әрекеттесуінің мол тәжірибесіне ие және сондықтан өркениеттер мен конфессиялардың жемісті сұхбатының мекені болу атағына бірден-бір лайықты ел екені анық. Болашақта да елімізде конфессияаралық татулықты одан әрі нығайтуға талай шаралар орындалатынына сенімдіміз, себебі бұл елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлыстар мен діндердің достығын одан әрі арттыра түсетіні айқын.
Г.Қалабай, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері