Дүниені дүр сілкіндірген індеттің мұхит асып Жер әлемді шарпығанын көріп отырып, бәрі іргеміздегі айдаһар мемлекет Қытаййдан басталғанын біліп отырып бейқам жүрген адамдарды көргенде адам айтарға сөз таппайды екен… Дәл қазіргі сәтте бізден талап етілетін нәрсе біреу ғана – үйден шықпау. Өкінішке қарай, бұған мән бермей жүргендер көп. Алматы қаласы карантинге жабылса да, телеарналардан қайта-қайта карантинде сақталуға тиіс тәртіп жайлы ескертіліп отырса да, өз денсаулығына немқұрайды қарайтын жандарды көріп жүрмін. Қоқыс төгуге немесе нан-сүт алуға сыртқа шығуға тура келеді. Тазалық пен тәртіпті барынша сақтап, отбасыңдағылардан соны талап етіп өз өміріңді де, өзгенің өмірін де сақтандыруға атсалысқанда өзгелердің бұған жеңіл-желпі қарауы қалай? Індеттен бүгінгі күнге дейін үш адам көз жұмды. Бұндай жағдайда марқұммен қоштасуға жарты-ақ сағат уақыттың берілетінін, жерлеу рәсімін өткізгенде адамның көптеп жиналуына болмайтынын білдік. Бекітілген мұндай ережені сақтамаған жағдайда айып салынатынынан да хабардар болдық. Ендеше, неге бейқамбыз?

Қазақ онсыз да санымыз аз ұлтпыз. Бірімізге-біріміз жанымыз ашуға тиіс екенін, ұлтты сақтауға әрқайсысымыз үйде отырып үлес қосуға міндетті екеніміз есімізден шықпасыншы.

Айгүл БОЛАТХАНҚЫЗЫ

(Суреттер интернеттен алынды).

#БізБіргеміз

#Үйден шықпа

Бөлісу: