Лондон олимпиадасының чемпионы әрі бірнеше дүркін жүлдегері, отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми аяқтады. Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында хабарлады.
«Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын», — деді Ольга Рыпакова.
Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-министрі спортшыға алхыс хат жолдады.
Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.