Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды

Ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы  А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада өткен кездесуден соң, Almaty.tv арнасы журналистерінің өтініші бойынша еліміздегі үлкен саяси науқан – Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды «Дәстүр» порталы.

Онда алдағы сайлауға қатысты өз ойларымен бөлісті.

2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

1.  «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

2.  «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

3.  «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;

4.  «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;

5.  «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

6.  «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;

7.  «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.

Бөлісу: