Қазіргі қоғамдағы педагогтың міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті
Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан — жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда.
Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты:
қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек. Болашақ кәсіби құзіретті маман осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.
«Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді.», В. Ф. Сухомлинский дейді.
Сондықтан әр педагог өзінің кәсіби құзыреттілігі заман талабына сай шыңдап дамыту қажет. “Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. Педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет.
Құзыреттілік | ||||||
бағдарлы құзіреттілік | мәдениеттанымдылық құзіреттілік | оқу-таным-дық құзірет-тілік | коммуникативтік құзіреттілік | ақпараттық-технологиялық құзіреттілік | әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі | тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі |
· Азамат-тық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б
|
ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті | өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу | адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы | ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті | әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті | отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті |
Қазақстан Республикасында сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту негізгі шешуші рөл атқарады.
Білім беру жүйесінде білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзіретті ұстаз. Әр сабағын өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. Құзіреттілік — оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Физика сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушыларр қарым — қатынас моделдерін, мәдениет бейнелері мен таңбаларын білулері керек. Бұл оқушылардың физика пәнін табиғатпен байланыстыра отырып ұғынуын қамтамасыз ете алады.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) — қоршаған ортамен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, жеке және топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, өз ойын ашық жеткізе білуі, досының пікірін тыңдай білуі, оқиғаны талдай білу, сұрақ қоя, пікір таластыра және т. б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Өз іс — тәжірибемде оқушылардыңң коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ — оқушылардың қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақ кезінде оқушылармен жүргізілетін интербелсенді әдіс-тәсілдер
- Ситуациялық жағдаяттарды шешутәсілі кезінде тыңдаушыларға берілген жағдаяттың қандай шешімдері бар екенін немесе белгілі бір іс-әрекеттерді тиімді орындаудың қандай түрлері бар екенін топқа көрсету ұсынылады.
- Имитациялық сабақтар(іскерлік ойындар, тренингтер, миға шабуыл және т.б.) түрінде білім беру ұйымдарының құқықтық қызметінің түрлерін қолданып көруге мүмкіндік береді. Бұл үшін іскерлік ойынның мақсат, міндеттері, регламенті белгіленіп, мақсаты түсіндіріледі. Ойындардың мазмұны тәрбие мамандарының кәсіби қызметінде кездесетін оқиғалар желісіне құрылады.
- Тұсаукесер (презентация)Тұсаукесер жүргізуде «миға шабуыл», шағын топпен постер құрау, шағын топта талдау, пікірталас, ашық сұрақтар қою сияқты белсенді оқыту әдістері қолданылады. Бейне түсірілім жүргізіліп, оны талдау да ұйымдастырылуы мүмкін.
- Бағалау.Мұндай сабақтар барысында оқытушы мен тыңдаушы, тыңдаушы мен тыңдаушы арасындағы өзара қарым-қатынас орнайды және белсенді тыңдаушылар қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдану арқылы мадақталады. Жұмыс «Екі жұлдыз, бір тілек», жұптық бағалау, топтық бағалау, критериалды бағалауды қолданып, сұрақ-жауап түрінде, әр түрлі жаттығулар орындау және жағдаяттарды талдау (кейс) түрінде жүргізіледі.
- Проблемалық пікірталас.Оқытушы пікірталасты қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағыттап басқарады. Пікірталас барысында белсенді тыңдаушыларды мадақтау, сондай-ақ түрлі көзқарастар мен пікірлерді айтуға мүмкіндік жасалады.
- Сыни жағдаяттарды талдау.Бұл топтық тренинг әдісі, қатысушылар құқықтық тәрбие беруде өздері кездескен қиын, күрделі жағдаяттарын әңгімелейді. Одан соң топ негізгі фактілерді талқылап, осы жағдаяттардың оң шешімін табуға қандай қосымша ақпараттар немесе тренингтер керектігін шешеді.
- Тренингтер бойынша өз бетінше оқуға арналған құрал.Бұл өзіндік жұмыстарға арналған жаттығулар жинағы. Ол біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына құқықтық тәрбие бойынша жеке тренингін қамтамасыз ету үшін үлестірме материалдар түрінде таратылады. Бұл жинақты тыңдаушылар өз білімдерін кеңейтуге және тренингтердің негізгі элементтерін қолдануға немесе құқықтық тәрбие беру бойынша жоспарлық тақырыптарын белгілеуге пайдалануына болады.
- Көшпелі тәжірибелік сабақтар.Бұл тыңдаушылардың білім беру ұйымдарының базасында құқықтық тәрбие беру жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын сабақтар.
Оқушылармен АКТ қолдану арқылы орындалатын тапсырмалар
- Компьютерлік бағдарламалар негізіндегі тренингтер.Компьютер қолдану арқылы жүзеге асырылатын тренингтік бағдарламалар. Бұл тренинг интербелсенді жұмыс ретінде әр тыңдаушыға, оның қажеттіліктеріне қарай жеке таңдалады. Бұл әдіс шынайы жағдаяттарды модельдеуге құрылады, оның көмегімен тренингке қатысушылар практикалық аспектілерге сүйеніп, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алады.
- Интербелсенді бейнебағдарламалар.Бұл әдіс компьютерлік бағдарламалар негізіндегі тренинг және бейнежазбаларды көрсетуге құрылған. Компьютерді қолдану тренингке қатысушыларға сабақты өзінің жұмыс темпіне қарай құруына, ал бейнежазбаларды көрсету жұмыста қалыптасқан жағдайларды шынайы бағамдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі мектепте тәрбие берудің тиімді әдістерін:
- тұлға санасын қалыптастыру(әңгіме, сұхбат, дәріс, пікірталас, үлгі тұту әдісі);
- іс-әрекетті ұйымдастыру және тұлғаның қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастастыру(әдеттендіру, тәрбиелік жағдаяттар тудыру әдісі, педагогикалық талап, нұсқама, иллюстрациялар және демонстрациялар);
- тұлғаның іс-әрекетін және мінез-құлқын ынталандыру және уәждендіру(жарыс, танымдық ойын, пікірталас, эмоционалдық әрекет, мадақтау, жазалау және т.б.);
- тәрбиедегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауқұрайды.
Өз сабағымда жиі қолданатын әдіс — тәсілдерден «Атаулар көмегімен болжау», «Елеспен жетелеу», стратегиялары студенттердің шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. «Ой қозғау», «Болжау», «Топтау», «Тізбек жасау» әдістерін студенттердің ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып отырдым.
Сонымен қатар оқушылардыңң ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Физика сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан — жақты қолдану қабілеті.
Кәсіби құзыреттілігі дамыған оқытушы сабағында ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдалана білуі керек. Сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Қорыта айтқанда, студенттерді шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын өмірде қолдана алуына жағдай жасау үшін құзыреттілік тұрғысынан оқыту тәсілдерін қолданудың студент біліктілігін арттыру үшін маңызы зор. Болашақ мамандарымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан — жақты, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында. Кәсіптік-техникалық білім саласын материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінен бастап, оқу жоспары, ұстаздардың біліктілігі мен қалыптасқан стандарттарға өзгерістер енгізу керек-ақ. Техникалық және кәсіптік ұлттық кадрларымызды бәсекеге қабілетті ету қажет. Олай болмайынша, мемлекеттік жедел индустриялық-инновациялық даму жобасы да іске аспайды. Біз ең әуелі, сырттан жұмыс көзін тартқаннан гөрі ел экономикасын өркендететін ұлттық кадрларымызды даярлауды басты мақсат қойғанымыз жөн. Бұл ретте кәсіптік-техникалық мамандықтарды насихаттап, мектептерден бастап тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізіп, әсіресе, қазақ қоғамында кәсіптік-техникалық мамандыққа деген құрмет пен сүйіспеншілік көзқарасын орнықтыруға күш салған жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана, 14 желтоқсан, 2012 ж.
- Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова., Педагогика. А., 2007 ж.
- Дж. Равен, Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002 ж.
- Митина Л.М., Психология профессионального развития учителя. — М., 1998 ж.
- Сенкибаева А.Т., Мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамыту//Білім берудегі менеджмент, №4,2009.
6. Қазбекова Н. Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006 №1
7.Тұрғынбаева Б. А. Ұстаздық шығармашылық. Алматы 2007
8.Журнал «Қазақстан мектебі», №12, 2010
9.«Физика» журналы №3(41), 2012
10.«Физика Қазақстан мектебінде» журналы №3(33), 2011
Салтанат Кенебаева, Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп- гимназиясы, физика-информатика пәнінің мұғалімі.