Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ережесі мен құрылымын айқындайтын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы қабылданды.

Аталған құжатта:

1) Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді. Үкіметке оны іске асыру үшін шаралар қабылдау тапсырылды.

Бөлісу: