Атырау қаласында 19 қазан – белгілі жазушы Рахымжан Отарбаетың туған күні қарсаңында бірнеше іс-шаралар жүзеге асады деп жоспарлануда. Сол шаралардың бірі – «Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры жыл қорытындысы ретінде қазіргі әдебиетте еңбектеніп жүрген жастарды қолдау мақсатында арнайы стипендия тағайындағанын қаламгердің жары Сәуле Отарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты.
Қордың стипендиясына:
Проза жанры бойынша – Бақытгүл Сәрмекова
Поэзия жарны бойынша – Айжан Табаракқызы
Аударма жанры бойынша – Самғар Тұрарбекті лайық деп таныпты. Стипендианттар қазанның
19-ы күні Атырау қаласында марапатталатын болады.
Дәл сол күні Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры Рахымжан Отарбаев шығармашылығын насихаттау, зерттеу мақсатында өткізген әдеби-сын байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталатын болады.
Сондай-ақ шара аясында Рахымжан Отарбаевтың қос кітапбы – Берлиндегі «Дагиели» баспасынан және Бакуден жарық көген «Бас» романының тұсаукесері болады деп күтілуде.