Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды dasturkb.kz.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесті. Рыбакина тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

«Менің бүгінгі қарсыласым өте тәжірибелі. Біз бұл ойынға дейін бес рет кездестік және оның төртеуінде Паула жеңіске жткен болатын. Сондықтан, бұл матч қиын өтті. Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым. Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым», — деді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады.

Бөлісу: