Сақтық шараларын қабылдауды ұсынды

157

Министр Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Үкіметке сақтық шараларын қабылдауды ұсынды деп хабарлайды «Дәстүр» aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинге байланысты әуе қатынасын шектеу мәселесін айтты.

«Шетелде коронавирустың жылдам таралуы жағдайдың күрделендіріп отыр. Соны ескере отырып, аурудың Қазақстанда таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сондай-ақ әуе қатынасы қайта ретке келген елдермен әуе рейстерін көбейтпеу қажет. Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз. Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады», – деді Алексей Цой.
Бөлісу: