Сумма Чакрабарти Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Дәстүр» сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет Басшысының өкімімен Сэр Сумма Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметте қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов жұмыс істеген еді.
Сумма Чакрабати 1959 жылы Жалпайгуриде (Үндістан, Батыс Бенгалия штатында) дүниеге келген. Оның балалық шағы Калькутта штатының астанасында өтті. Анасы мектепте мұғалім болса, әкесі тарихты зерттеген (кейін Калькутта университетінің президенттік колледжінің профессоры болған).