Түркиядағы жер сілкінісінен 48 мыңнан астам адам қаза тапқан

1

Бұл туралы төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) орталығында өткен брифинг барысында Түркия вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді, деп хабарлайды  dasturkb.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Кахраманмарашта 6 ақпан күні болған жер сілкінгеннен 48 мың 448 адамның қаза болған.

Вице-президенттің айтуынша, апатты аймақтарда 3 мыңнан астам құтқарушы әлі де жұмыстарын жалғастырып жатыр. Апат аймағында 1 миллион 805 мың 842 ғимарат тексеріліп, 653 мың тұрғын үй апатты және орташа зақымданған деп танылған. Қоқыстың 20 пайызы шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік,  6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болған еді. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген.

Сондай-ақ,  жер сілкінісі болған аймаққа Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған болатын. Одан бөлек еріктілердің көмегімен қосымша гуманитарлық көмек жіберіліп, апат болған аймаққа 100 киіз үй тігілген еді.

Бөлісу: