Түркиядағы зілзаладан соң тағы бір отандасымыз жоғалып кетті

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды dasturkb.kz El.kz ақпараттық агенттігі.

Ресми өкіл жедел желіге 1000-нан астам қоңырау келіп түскенін айтты. 150-ден астам қазақстандықтың орналасқан жері анықталған.

Сондай-ақ құжаттарын жоғалтқан отандастарымыздың құжаттарын консулдар қайта рәсімдеп берді. Апат аймақтарынан 124 Қазақстан азаматы шығарылды. Оның ішінде 58-і Астанаға жеткізілді. 2 күн бойы байланысқа шыға алмаған Қазақстан азаматы табылды.

Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кеткенін ресми өкіл растады.

“6 ақпаннан бері байланысқа шықпады. Тұратын жері — Қаһраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезде ол ішінде болған,- деді Айбек Смадияров.
Бөлісу: