Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 3000-ға жуықтады

Түркияда алапат жер сілкінісі болды. Оқиға орнынан соңғы мәліметтер туралы Aikyn.kz сайты «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. 7840 кісіні құтқарды. Жараланғандар саны 15 834-ке жетті.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның бірнеше провинциясында болған жойқын зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Режеп Тайип Ердоғанға қайғыра көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Түркияның зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде құтқарушылар мен дәрігерлер жіберетінін, сондай-ақ бауырлас елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу: