ТҮРКІСТАННЫҢ СӘУЛЕТІ НЕГІЗГІ ҮШ БАҒЫТ БОЙЫНША ДАМИДЫ

Түркістанды     «Қазақстанның рухани орталығы ретінде қалыптастыру мақсатында Бас жоспарға сәйкес қала құрылысы мен сәулеті үш бағытта жүргізілетіндігі белгілі.

Бірінші 88,7 гектар жерге орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы «Тарихи аймақтағы» 18 нысан қайта жаңғыртылатын болады. Қаламызға келген туристер көп шоғырланатын жер әрине   кесененің   аумағы.   Сондықтан да «Тарихи аймақтағы» нысандардың жәдігерлік құндылығын сақтай отырып қайта жаңғырту өте маңызды болмақ.

Екінші тарихи аймақты жалғап жатқан «рухани-мәдени орталық»  аймағында бой көтеретін 9 нысан:«Ұлы дала елі» кешені, «Қожа Ахмет Ясауи мұражайы», «Амфитеатр»,    «Шығыс    моншасы», «Әуенді су бұрқақ», «Қабылдау Орталығы» мен «Түркі халықтарының ғылыми кітапханасы», «Неке Сарайы», «Сауда орталығы» туристер мен тұрғындарға қызмет көрсетіп, әрі көпшіліктің тамашалайтын орындары болады. Аталған ғимараттардың құрылыс басталыпта кетті.

Үшінші 1350 гектарды құрайтын әкімшілік-іскерлік орталығының аймағында облыстық әкімдіктің, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының және тұрғын үй кешендерінің, Медиа орталық пен Оқушылар сарайының, спорт, мәдени кешендерінің, «Конгресс Холл» мен әлеуметтік нысандардың іргетасы қаланып, құрылысы жүргізілуде.

Осылайша  жәдігер  қаламыз  өзінің тарихи құндылығын сақтай отырып, заманауи үлгіде қайта жаңғыртылатын болады.

Бұдан бөлек, туристер көп шоғырланатын аумақтарда  мәселен, Темір жол вокзалы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аумағының, сауда орындары мен базарлардың коммуналдық жүйелерін толығымен (жол, су, жарық, әжетхана, цифрлық жүйе) қамтамасыз етіп,жол бойы қызмет көрсету орындарының желісін қалыптастырып, инфрақұрылымы мен сервисін дамыту жоспарланып отыр.

Бұған қоса шетелдік туристердің қызығушылығын   арттыру    мақсатында «Этно-туристік орталық  –  Этно ауыл» кешенін салу жоспарланып отыр. Бүгінде құжаттамалары да дайын. Қазақстанға келетін әрбір туристі осы бағыт қызықтыратыны сөзсіз. Өйткені шетелдіктер заманауи құрылыстардан гөрі тұрғылықты халықтың тұрмыс- салтына қызығушылығы басым.

Ал, қаладағы бұрынғы «Зияратшылар орталығын» болашақта «Өнер академиясымен» байланыстыра дамитын орталық ретінде қалыптасыруды қарастырып жатырмыз.

Қазіргі таңда біздің алдымызда қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығы және рухани-мәдени нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы жүргізу міндеті тұр. Жалпы облыс орталығында жоспарға сәйкес 89 нысанның құрылыс жұмыстары жүреді.

Бөлісу: