Елбасының «Түркістан облысын құру, әкімшілік орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы» Жарлығын облыс халқы үлкен ықыласпен қабылдап, бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 29 қыркүйегінде Түркістан қаласының жаңа тарихи кезеңі басталды десек болады. Себебі, дәл осы күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, екі тарихи Жарлыққа қол қойды. Атап айтсақ, «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау» және «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлықтар Түркістан қаласын дамытуға зор серпін береді.
Бүгінде Түркістан қаласында әкімшілік-іскерлік орталығын салу, өзге де сан алуан саладағы ғимараттар мен демалыс орындарын, әлеуметтік нысандар құрылыстарын жобалау, басқа да зерделеп-зерттеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Түркістан қаласын Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамытудың бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында халықаралық конкурс ұйымдастырлып, өткізілді. Оған барлығы жиырма екі жоба түсті. Осы жобалардың ең үздігі іріктеліп, Түркістанда халықаралық талаптарға сай әуежай, автовокзал, басқа да обьектілер салынады. Теміржол вокзалы да өркениетті елдерге тән кейіпке енеді.
Облыс орталығында УЕФА стандарттарына сай стадион, спорт кешені, тұрғын үйлер, сауда және демалыс орындары, амфитеатр және өзге де ғимараттар бой көтереді. Қаланың тарихи келбеті, ескерткіштері толық сақтала отырып, туристерге арналған ірі орталықтар салынады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік органдарды жайғастыру үшін Түркістан қаласынан қажетті 25 ғимарат белгіленді (21 257 шаршы метр).
Елу мемлекеттік органдардағы 2 117 қызметкер жаңа облыс орталығына жайғасып, 2018 жылдығ он жетінші тамызынан бастап Түркістан қаласында жұмыс істеудеміз.
Анықтама:
Жиырма жеті жергілікті атқарушы органдардағы 1 203 штаттық бірлік толығымен көшірілді.
Жиырма тоғыз аумақтық органдарда 2 081 штаттық бірлік болса, оның 914 қызметкері немесе жиырма үш аумақтық орган көшірілді.
Көшіп келген қызметкерлерге жалға алу үшін тұрғын жайлар ұсынылды.
Анықтама:
Түркістан қаласынан 305 орындық жатақхана, он төрт қонақ үй,
Кентау қаласынынан 275-орындық жатақхана мен жеті жеке тұрғын үй.
Қазіргі таңда ең басты мәселенің бірі тұрғын үй проблемасы.
Бұл мәселені шұғыл шешу үшін жергілікті бюджет есебінен Түркістан және Кентау қалаларында 1 956 пәтерлі 33 тұрғын үйдің (122 мың шаршы метр) құрылысын бастап кеттік.
Анықтама:
Түркістан қаласында 1200 пәтерлі 20 және Кентау қаласында 420-пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй.
Жыл соңында Кентауда 7,4 мың шаршы метрлі 120-пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.
Келесі жылы жалпы 92,5 мың шаршы метрді құрайтын 1500-пәтерлі 25 көпқабатты үй пайдалануға беріледі.
Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында әзірленген «7-20-25» бағдарламасын іске асыру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен Түркістан қаласында 336-пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (22 мың шаршы метр). Бұл пәтерлер 2019 жылы пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында 42 тұрғын үй (2 520 пәтер) және 29 жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу басталды.
Таяуда ғана мен «High Vill Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Канг Джон Дэмен кездестім. Бұл алпауыт компания Түркістан қаласында 10 гектар аумаққа көпқабатты тұрғын үйлер салады. Биылдан бастап Түркістанымыз үлкен құрылыс алаңына айналып, мыңдаған жұмыс орындары ашылады. Қазірдің өзінде «Риксос» қонақ үйі мен Іскерлік орталығының қазығы қағылды. Бірнеше айдан кейін Түркістан қаласында 30 ірі нысанның құрылысы басталады. Ол нысандардың құрылысына 13 инвестор және 16 облыс, қала әкімдіктері де атсалысатын болады.
Өңірімізде 125 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдардың жұмыс істеп тұр. Осы салада 186 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, олар шығарған өнім көлемі 130,9 млрд. теңгеге жетті.
Қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі – тұрғындарды жұмыспен қамту. Облысымызда 2018 жылдың 1 қарашасына дейін 25 136 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 65 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып жүзеге асуда.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алғандардың 215-і 1,1 млрд. теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етілді.
2018 жылдың қарашасына дейін Түркістан облысына ТМД және шетелдерден 1311 отбасы, яғни, 2208 адам қоныс аударып, оралман мәртебесін алған. Қандастарымыз үшін Түркістан қашан да тартымды өңір болып саналады.
Биыл 32 мың 375 отбасындағы 185 мың 458 тұрғынға15,1 млрд.теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
4 332 отбасы 150,4 млрд. теңге көлемінде тұрғын үй көмегіне қол жеткізді.
2018 жылы 80 білім нысанының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 17,5 млрд.теңге бөлініп, 30 мектеп жəне 3 колледж ел игілігіне тапсырылды. Нəтижесінде: 5 апатты жəне 3 үш ауысымды мектептің мəселесі шешілді.
Жыл соңына дейін қосымша 6 мектептің құрылысын тапсыру жоспарлануда.
Биыл өңірде 94 жекеменшік балабақша, мемлекеттік-жекеменшік-әріптестік аясында үш балабақша және бір мемлекеттік балабақша тапсырылды. Балабақшамен қамту көрсеткіші бойынша облысымыз көшбасшылар қатарында.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 93 пайыздан асты.
Медицина саласына келсек, биыл Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, 3 дана компютерлік томограф орнатылды. 62 дәрігерлік бекет пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы медициналық мекемелерді компьютермен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының қомақты бөлігі Шымкент қаласының үлесінде еді.
2017 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі 3,1 трлн. теңгені құраса, оның ішінде, Шымкент қаласының үлесі 1,5 трлн. теңге болды (жан басына шаққанда 809,4 мың теңге).
Бөлінгеннен кейін өңдеу өнеркәсібінің 60 пайызы, тұрғын үй құрылысының 56 пайызы, сауданың 76 пайызы, салықтық түсімдердің 58 пайызы Шымкент қаласында қалды.
Анықтама:
№ | Көрсеткіштер | 2017 жыл | ||||
ОҚО, млрд. тг. | Түркістан облысы | Шымкент қаласы | ||||
Сомасы, млрд.тг. | үлесі, % | Сомасы, млрд.тг. | үлесі, % | |||
І | Жалпы өңірлік өнім | 3 100,0 | 1 600 | 52 % | 1 500 | 48 % |
ІІ | Өнеркәсіп | 858,5 | 446,9 | 52 % | 411,6 | 48 % |
о.і. өңдеу өнеркәсібі | 585,7 | 235,3 | 40 % | 350,4 | 60 % | |
III | Ауыл шаруашылығы | 522,4 | 497,5 | 95 % | 24,9 | 5 % |
IV | Инвестициялар | 482,0 | 275,3 | 57 % | 206,7 | 43 % |
V | Құрылыс | 234,1 | 132,1 | 56 % | 102,0 | 44 % |
VI | Тұрғын үйлерді іске қосу, мың. ш.м. | 721,2 | 318,7 | 44 % | 402,5 | 56 % |
VII | Сауда | 433,8 | 104,7 | 24 % | 329,1 | 76 % |
VIIІ | Жалпы бюджет көлемі: | 613,1 | 479,3 | 78 % | 133,8 | 22 % |
Өзіндік кірістер, оның ішінде: | 124,4 | 53,7 | 42 % | 70,7 | 58 % | |
салықтық түсімдер | 115,4 | 47,9 | 42 % | 67,5 | 58 % | |
салықтық емес түсімдер | 5,4 | 4,9 | 92 % | 0,5 | 8 % | |
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 3,6 | 0,9 | 25 % | 2,7 | 75 % |
Алайда, біз осыған қарамай алдымызға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа міндеттер белгіледік.
2018 жылдың сегіз ай қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталды.
- Облыс экономикасының драйвері болып табылатын ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 250 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,6 пайызды құрады.
Анықтама:
— мал шаруашылығы- 168,6 млрд. теңге, 105,1 пайыз;
— өсімдік шаруашылығы – 80,4 млрд. теңге, 101,0 пайыз.
Өсім: ет – 7,0 пайызға, cүт – 3,1 пайызға, жұмыртқа – 9,3 пайызға артты.
Ірі қара мал 11 пайызға (902,6 мың + 95,6 мың = 998,1 мың бас), қой-ешкі 5 пайызға (4,3 млн. + 180,7 мың = 4,5 млн. бас), жылқы 8 пайызға (286 мың + 22,7 мың = 308,7 мың бас) және түйе 6 пайызға (26 мың + 1,5 мың = 27,5 мың бас) өсті. Нәтижесінде, 3 500 тонна ет экспорттап, жоспарды 150 пайызға орындадық және республикадағы үлесіміз 52 пайызды құрады.
Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді (2017 ж. 2,5 млн.тонна).
500 мың тоннаға жуық өнімдер Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн. тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді.
Анықтама:
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 286,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21 млрд.теңгеге артты (2017 жылдың сәйкес кезеңіне 96,6 пайыз немесе 265,2 млрд.теңге).
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 128 322 бірлікті құрады (104,4 пайыз).
- Өңір экономикасына142 млрд. теңге инвестиция бағытталды (100,9 пайыз).
- Облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сегіз айда құрылыс жұмыстарының көлемі 66,2 млрд. теңгеге жетіп, өсім 105,8 пайыз болды.
- Барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 21,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды. 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды (1 922 пәтер).Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 137,6 пайызды құрады.
«Ауыл мұғалімі мен дәрігеріне қызметтік пәтер» облыстың жаңа бағдарламасыменбиыл 13 ауданда тұңғыш рет 31 қызметтік тұрғын үйдің (330-пәтер, ауданы 14,0 мың шаршы метр) құрылысы жүргізілуде.
Бұл жас мамандарды ауылдарда жерсіндіруге үлкен ықпал етеді.
Сондай-ақ, облыста 800 адамға дейін тұратын ауылдарда 62 модульді медициналық пункттер орнатылды.
Елбасымыздың тапсырмасын толық орындау мақсатында, Түркістан қаласын жай облыс орталығы ретінде емес, жалпы Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту үшін кешенді жоспар жасаудамыз.
Осыған орай, облыстың дамуын жеделдету үшін, кешенді жоспар аясында:
- Түркістан қаласының маңынан агроаймақ (6 000 га);
- Көршілес Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы бойынша ынтымақтастықты арттыру мақсатында Сарыағаш қаласынан Халықаралық Шекаралық Ынтымақтастық орталығын құруды жоспарлап отырмыз.
- Халықаралық логистикалық компаниясымен (DP World компаниясы) бірлесе Сарыағаш ауданында «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізіндегі жүк ағынын өңдеу үшін «Орталық Азия» құрғақ портын құру мәселесін қарастырудамыз.
- Азия Даму Банкімен бірлесе Түркістан, Ташкент және Соғды облыстары арасында экономикалық дәліз құру мәселесі талқылануда.
- Түркістанның туристік әлеуетін (2017 ж. — 1 млн. 630 мың адам) арттыру үшін жаңа халықаралық әуежай, темір жол және автовокзал салу қарастырылуда.
Бүгінгі таңда Түркия, Малайзия, Индия, Индонезия мемлекеттері мен туристері тарапынан Стамбул-Түркістан-Самарқанд әуе бағытын ашуды сұрануда. Сондықтан, «Ташкент-Самарқанд» жүрдек поезының аналогы ретінде «Түркістан-Ташкент» жүрдек поездарын ұсынамыз.
- Жергілікті бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер жаңа облыстың құрылуына өз үлестерін қосуда. Мысалы:
— кәсіпкер Серікжан Сейітжанов 5-жұлдызды «Риксос» қонақ үйін;
— кәсіпкер Нұрсұлтан Балабиев «Royal клуб» фитнес орталығын;
— сондай-ақ, басқа да облыс кәсіпкерлері мектеп, бала-бақша, бизнес, ойын-сауық және мәдени орталықтарын салатын болады.
Түркиялық инвесторлар DAL Holding және Taha Altayli 200 гектарлық жылыжай мен 5-жұлдызды қонақ үй салуға ынталы.
7. Түркістанның рухани-мәдени даму үрдісінің мазмұнын тереңдету мақсатында арнайы Халықаралық кеңес құрылуда. Оның маңында белгілі қазақстандық және шетелдік Түркі әлемін зерттейтін ғалымдар мен сарапшылар шоғырланып, нақты нәтижелерін әлемге танытады.
Сонымен қатар, 2018 жыл 28 қыркүйекте Түркістан қаласында бірінші «Көне Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форумы өтті.
Аталған форумға 17 шетел және отандық бес жүзге жуық адам қатысты.
Нәтижесінде, 1,7 млрд.АҚШ долларын құрайтын 17 құжатқа қол қойылды.
Таяу уақытта Түркістанда Түркі әлемінің орталығы бой көтереді. Мұнда бүкіл Түркі әлемінің ойшылдары мен ағатушыларының, ғалымдарының еңбектері қойылып, ғылыми жетістіктері көрсетіледі. Елбасы ұсынған «Түркі әлемінің 100 жаңа есімі» жобасын Түркістанда жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи орталығы салынып, ол әлемдік өркениетке өзгеше құнар дарытатынғылыми шаңырақ болады деп сенемін. «Қазақ хандары мен билері» орталығы, ашық аспан астындағы музей, киелі әрі тарихи орындар орталығы Түркістанның Түркі әлеміндегі орны мен мәртебесін асқақтата түседі. Түркістанның тарихи орындарын «Түркі әлемінің киелі жерлері» тізіміне енгізіп, Түркі кеңесі жастарының құрылтайын өткізуге де Түркістан негізгі үміткер шаһарлар қатарында болады.
Қазір Түркістан қаласында 160 мыңнан астам тұрғын бар. 2035 жылы тұрғындар саны 350 мыңға, ал, 2050 жылы 500 мыңға жетеді деп болжануда. Біз қаланың даму тұжырымдамасын әзірлеуде демографиялық ерекшелікті де ескеруге тырыстық. Болашақта Түркістан Елордамыз Астана секілді жоғары қарқынмен дамып, Түркі әлемінің рухани және туристік орталығына айналады.
Жуырда Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның Шолпан-Ата курорттық аймағында өткен Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VI Саммитінде: «Қазақстанның латын графикасына көшуі – түркі тілдес елдердің жазу мәдениетін жақындастыра түсетін айтулы жаңалық. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асырылды. Тағылымы мол тарихымызда әл-Фараби, Ясауи, Абай, Юнус Эмре, Низами, Физули, Ұлықбек, Айтматов секілді ірі тұлғалар бар. Осыған байланысты Түркі кеңесі аясында «Түркі әлемінің 100 жаңа есімі» жобасын әзірлеуді ұсынамын», деген болатын. Бұл да — жарқын жаңалық.
Елбасымыз осы Саммитте Түркістан қаласының Түркі әлемінің рухани әрі мәдени орталығы екеніне тоқталып,Түркістан облысы құрылғанын, оның орталығы Түркістан шаһары екенін ерекшелеп айтты. «Ежелгі дәуірден тамыр тартатын Түркістан қаласы облыс мәртебесін алды. Осылайша түбі бір Түркі халықтары үшін қастерлі атау өзінің тұғырына қайта қонды. Бұл – біздің тұтастығымызды нығайтып, елдігімізді бекемдей түсетін тарихи оқиға. Алтайдан Анадолыға, Байкалдан Балқанға дейінгі атырапта, Сахарада байырғы баһадүр бабаларымыздың іздері сайрап жатыр. Түркі халықтары үшін қасиетті ұғымдарды көзіміздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайық етіп қалдыру үшін «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасын қолға алуды ұсынамын» — деген пікірі де бауырлас елдер тарапынан қолдауға ие болды.
Мемлекет басшысы Қырғыз еліндегі Саммитте Түркі кеңесі жастарының құрылтайын жүйелі өткізу, Түркі әлемінің бірегей тарихи орындарына өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жөнінде де бастама көтерді. Міне, Елбасымыздың бұл ұсыныстарының бәрі түбі бір түркі халықтарын жақындастырып, бірлігін нығайтады. Ал, бұл міндеттерді орындауда Түркістан облысы негізгі күшке айналады деп ойлаймын. Себебі, Түркі әлемі үшін, қазақ халқы үшін қастерлі әрі киелі орындар мен ескерткіштердің басым бөлігі біздің облысымызда. Елбасымыздың тікелей қолдауымен Түркістанды Түркі әлемінің рухани әрі туристік орталығына айналдыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр.
Қазір жұмыр жер бетінде 200 миллионнан астам түркі тілдес бауырларымыз бар. Егер саяси, ғылыми және рухани бірлігіміз мығым болса, түркі үлкен күшке айналады. Жаһандану заманында біз бірге болуымыз керек, қиындықтарға бірге төтеп беруіміз қажет. Халық саны аз кейбір бауырлас ұлттарда тілін, ділін жоғалтып алу қаупі бар. Өз тәуелсіз мемлекетін құрған түркі тілдес мемлекеттер де рухани жақындығын сақтай білсе, жаһандық қатерлерге жұтылмайды. Орхон-Енисей бойындағы жазбаларда айтылғандай, «Тізеліні бүктіріп, бастыны еңкейткен» ұлы халықтың ұрпақтары ғылым, мәдениет, руханият саласында ауызбіршілігін күшейтіп, әлемдік өркениетке қосқан мәдени үлестерін қастерлей білуі тиіс. Бүгінгі түркологтардың басқосуы осы сенім үдесінен шығады деген ойдамын. Түркі әлемінің орталығы Түркістанымыз осындай игі бастамаларды қолдауға әрқашан дайын!
Түркістан облысының әкімі
Ж.Қ. Түймебаев