Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу сатысының келесі кезеңіне өтті

24

8 наурызда футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды dasturkb.kz El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Пауло Рикардо Каканың шәкірттері сырт алаңда Словения құрамасымен өткен кездесуді 3:3 есебімен аяқтады. Қазақстандықтар кездесу барысында 3:1 есебімен алға шыққанымен, қарсыласына есепті теңестіруге мүмкіндік беріп, жеңісті мүлт жіберді.

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне шықты.

Еске салайық, элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі 5 шілдеде өтеді.

Бөлісу: