ЭКСПО ғимараттары өзін өзі ақтамады!

Экспо көрмесіне салынған ғимараттар қашан өзін өзі ақтайды. Осы аптада мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев үкіметке осы сұрақты қойды. Белгілі болғандай 2017 жылдан бері Экспо павильондарын күтіп ұстауға 6.7 млрд тг қаражат жұмсалған. Бюджеттен. Бұл электр энергиясы, сумен жабдықтау, басқа да шығындар. Барлық шығынды былайша айтқанда қазір халық көтеріп отыр. Кезінде миллиардтаған долларға салынған нысан өзін-өзі ақтайды деп уәде беріп еді ғой шенділер. Сауда министрі Бақыт Сұлтанов 2024 жылы дей беріп еді, мәжіліс спикері 2020 жылы ақтайды деп едіңдер ғой, енді неғыл деп тұрсыңдар деп шүйлікті. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Ал Керекулік жұрт та жергілікті билікке өкпелі. Ертістің жағасындағы керім қала көрікті болғанымен проблема бар. Маса, шыбын шіркей. Дарияның жағалауы тал тоғай, көк шөп мол болғандықтан Павлодарлықтар жылда жәндіктерден теперіш көреді. Қала билігі 1.5 млрд тг бөліп, қырып тастадық десе, жұрт әлі де масаға таланып жатқанын айтады.

Масасы ең көп шаһар Елорда емес, Павлодар ма деп қалдық. Мына соммаларды естігенде. Керекудің шенділері қансорғыштармен күресуге 1,5 млрд теңге бөліпті. Екінші орын Орал мен Атыраудың еншісінде. 100, 100 млннан. Бірақ, екі шаһардың ақшасын қоссаң да Павлодарға жетпейді әрине.

Ендеше үш млн еуродан артық қаражат бөлінген қалада маса тұрмақ шыбынның да ызыңы естілмеуі керек еді. Ол ол ма. Шыдамы таусылған жұрт тіпті масаға таланған Павлодар хештегімен түрлі видео түсіріп, жанайқайларын әлеуметтік желімен жеткізіп жатыр.

Мақпал Лепесова: «Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта су ресурстары басқармасының бөлім басшысы».

Хош. Павлодардың масаларын қойшы, мына жақта Экология министрлігі арабтарға қызыл кітапқа енген дуадақтарды атқызып жатыр деп ұлардай шулады желідегі жұрт осы аптада.

Тегін емес. Әрқайсысы үшін 260 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 722 мың теңге төленеді.

Жаңалыққа көптің назары енді ғана ауды демесеңіз,бүл үрдіс бізде баяғыдан бар ғой. Анығы 2003 жылдан бері. Олар бізге инвестиция құяды, соның өтеуі ретінде құстарымызға бүркіт салады.

АЯН МЕЙРАШ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ.

Аян Мейраш, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы: «Осы келісімнің арқасында қазір Түркістан облысы Шаян ауданында Дуадақ өсіретін питомник салынды. Жылына бес мың дуадақ шығарып жатырмыз. Осы келісім арқасында 371 ріне аулауға рұқсат етілген. Ол араб елдерінің ұлттық спорт түрі болып есептеледі».

Әрі Біріккен Араб Әмірліктері мен жасалған келісімге сай, құстарды кез-келген азаматтары келіп аулай алмайды. Тек салмағы бар шенеуніктері ғана.
Жойылу қаупі бар дуадақтарды аулау науқаны биыл 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығына өтеді.

Бөлісу: