Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров құс тұмауынан зардап шеккен шаруашылық иелеріне өтемақы төлеу мәселесі шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды «Дәстүр»  ҚазАқпарат сайтына сілтема жасап.

«Қазіргі таңда құс тұмауының өршу деңгейі тоқтады. Өздеріңіз білетіндей, құс тұмауы екі құс фабрикасында тіркелген болатын. Республика аумағындағы басқа құс фабрикаларында құс тұмауы тіркелген жоқ. Жеке шаруашылықтарда бұл індет төмендеп келе жатыр. СҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола облыстарында өлім-жітім төмендеді. Қазіргі уақытта әр облыс бойынша жұмыс топтары құрылып, құс тұмауынна өлген құстардың есебін шығарып, өтемақы төлеуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр», — деді Сапархан Омаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, өтемақы төлеуге қаражат дайын. «Бүгінге дейін құс тұмауынан 593 мың құс қырылды», — деді ол.

https://www.inform.kz/kz/saparhan-omarov-kazakstanda-kus-tumauy-basyldy_a3702989

Бөлісу: