Түркістанқаласында«БекзатСаттарханов даңғылы көшесінің бойында желілік парк салу құрылысына» бүгінгі сәулет-жоспарлау тапсырмасына (АПЗ) қажетті техникалық құжаттары жинақталып ЖСҚ-ы әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Қала құрылысын жобалау орталығы» ЖШС-гі.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағынан «Тұңғыш президент атындағы саябақ құрылысына» бүгінгі таңда 26,0 га жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасына (АПЗ) қажетті техникалық құжаттары жинақталып ЖСҚ-ы әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Envicon-A» ЖШС-гі.
«Түркістан қаласындағы Н.Назарбаев көшесімен жаяу жүргінші саяжолын көгалдандыру құрылысына» бүгінгі таңда сәулет-жоспарлау тапсырмасына (АПЗ) қажетті техникалық құжаттары жинақталып ЖСҚ-ы әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Envicon-A» ЖШС-гі.
Түркістанды толығымен табиғи газбен қамту жұмыстарын 2020 жылға аяқтау жоспарланған. Межеленген уақыт жақындаған сайын құрылыс жұмыстары қарқын алуда.
Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 42918-ден астам қала тұрғынына табиғи газ берілді, жалпы қала халқын газдандыру көрсеткіші 26,4% құрап отыр.
Биылғы жылы қаланың қалған аумағын газбен қамту мақсатындағы ІІ-ІІІ кезең бойынша 11 жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүруде. Екінші кезеңнің магистралды газ құбыры қаланың РМЗ аумағынан Шығыс қақпаға дейінгі аралықта, ал ІІІ кезең Отырар мөлтек ауданынан басталып, Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа автомагистралының бойымен Жарылқапов көшесінің бойына дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар ІІ кезеңнің ішкі жүйелерге (көшлерге) газ құбырларын жүргізу жұмыстары Шавгар, Ортақ тұрғын үй массиві және Отырар мөлтек ауданы, Ерубаев көшесінің бойымен Темір жол вокзалы, Рем Зауыт, Шипа су, Бірлік, Тұран мөлтек аудандарында жүріп жатыр. Ал ІІІ кезең бойынша ХҚТУ-нің аумағы, Ыштихат тұрғын үй массиві, Бекзат мөлтек ауданы, Мақта зауыт аумағында ішкі жүйелерге құбырлар тартылуда. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 20 мыңнан астам абонентке газ жүргізіліп, биылғы жылы қаланы 58 пайыз газбен қамту жоспарланып отыр. Ал, 2020 жылы қала 100% табиғи газбен қамтылатын болады.
Жалпы қаланы табиғи газбен қамтудың құрылыс жұмыстарында негізгі магистралды жұмыстарына полиэтиленді және темір құбырлар пайдалануда. Жұмыстың ауқымдылығына қарай «Отау строй», «Баянды Құрылыс», «Тур Ахмет и компания», «AKBARS STORY ltd», «Энергоресурс», «Ақ Нур-строй», «Комби строй-I» сынды мердігер мекемелер қаланың әр аумағында жұмыстар жүргізуде.
Елбасы «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру үшін 2 трлн 600 млрд теңге жұмсау жоспарлануда екенін айтқан болатын. Осының өзі мемлекеттің үлкен қадамға барып отырғанын аңғартады. «Бұл — аса ауқымды қаражат. Бұл — біздің азаматтарға және болашаққа салынған салым. Біз азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін осыншама қаражатты жинай алдық. Біздің халық осыны лайықты бағалар деген үміттемін. Осындай саясатты ары қарай жалғастыра береміз», — деді Мемлекет басшысы.
Ең бастысы бастама – азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бес ауқымды әлеуметтік жоба. Сосын Президенттік бастамалардың барлығы да әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру үшін бүкіл қоғамға бағытталған. Сондықтан да, мұндай жалпыұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін «Нұр Отан» партиясымен бірге Ассамблея араласатын болады. Түптеп келгенде осындай әлеуметтік капиталды күшейту Қазақстан болашағын бекемдеуге септігін тигізеді. «Осы жылдардың ішінде 1300 заманауи медициналық құрылғылармен қамтылған аурухана, емхана мен амбулатория ашылды. Осының арқасында қазақстандықтардың өмір ұзақтығы жақсарып, өлім-жітім азайды, аналарға қолдау көрсетілді. 1545 жаңа мектеп, 500-ден астам балабақша — біздің балалардың болашағына салынған салым. 70 стадион, 36 спорт сарайы, 70 мыңнан астам спорттық алаң ашылды. Бұл – қазақстандықтардың денсаулығы мен балалардың болашағы үшін жасалып жатыр. Музейлердің саны 2,7 есеге, театрлар 1,5 есеге, кітапханалар 4 есеге көбейді. Ешқашан тарихта Қазақстан аумағында осындай қысқа ғана уақыттың ішінде осыншама көп әлеуметтік нысан салынбаған», – деді Мемлекет басшысы.
Президент өз сөзінде осынау әлеуметтік- мәдени және спорттық нысандар елдің барлық азаматтары үшін жұмыс істеп тұрғанын, әрбір қазақстандық өзінің күнделікті еңбегі арқылы ел дамуына өз үлесін қосып жатқанын атап өтті.
«Бұл – прагматикалық шындық. Себебі, әлеуметтік капитал — адам мен қоғамның өсуін мұрындық болатын әлеует. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім бағытында біз ұзақ жолды басып өттік: 600 доллардан 10 мың долларға дейін жеттік. Девальвация болмаған жағдайда біз көрсеткіш одан да жоғары болар еді. Әлеуметтік капиталға инвестицияны арттыруға мүмкіндік беретін база да – осы. Бір ғана мысал: қаңтар айында Бүкіләлемдік экономикалық форумда мемлекеттердің экономика ауқымын бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол – эксклюзивті даму индексі деп аталады. Ол ЖІӨ-нің өсімімен және өзге де 11 параметрмен есептеледі. Осы 11 параметрдің ішінде ең бастысы – әл-ауқатқа маңыз берілді. Міне, дамушы 74 мемлекет енген рейтингте Қазақстан 15-ші орын алды. Менің ойымша, бұл біздің жұмыстың лайықты нәтижесі деген ойдамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінгі қоғамда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы ету қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Десек те, ең алдымен қазақтың өзінің ұлттық құндылықтарын өзі терең меңгеруі керек болып тұр. Содан соң өзгелерге таныстыру қажеттігі артып отыр.
Бұл орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының 26 сессиясында (2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» атты тақырыпта өтті) «Қазақтану» туралы келелі ойды қозғауы бекерден бекер емес. Еліміздің әл-ауқатын дамытудың ішкі, сыртқы, яғни, рухани, эконикалық қатпарларын тұтастықта алуды меңзеп отыр.
Ол өзекті мәселенің елімізде атқарылып жатқан «Рухани жаңғырумен» заңды жалғастықта айтылғанын және дер кезінде көтеріліп отыр деп санаймыз. Түркістан қаласы – Түркі әлемінің мәдени астанасы болу себебін соңғы жылдары әлеуметтік- мәдени жағынан қарқынды дамып келе жатқандығымен бірге, атының өзі көп жайтты аңғартып тұрғандай, жалпы аталуы түбі бір түркінің бәріне бірдей ұғынықты болғандықтан, мұндағы рухани құндылықтан әркім де өзінің бастапқы тамырына ортақ тұстарды табарына кәміл сенемін.
Түркістанның дамығаны – Қазақстанның рухани-мәдени дамығаны. Ал Қазақстанның дамығаны – түркі әлемінің жаңғырғаны. Бұл ақиқатты бүгінде дос та, бауырлас та мойындап жатыр. 2017 жылы Түркістан қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланғаны көп жайтты аңғартты. Сондай- ақ бұл саяси маңызы терең, мәдени, рухани берері мол шешім тұтас түркі дүниесінің басын одан әрі біріктіруге өз үлесін қосады деп білеміз.