Қостанай облысында туризм тұралап тұр. Жаз шыға салысымен, халық жиі сапарлайтын орындар қарапайым дәретхананың өзіне жарымай отыр. Туристерді тартуға қажетті басқа да инфрақұрылымдардың жайын айтпаса да түсінікті. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың ауылы да жылдар бойы облыс тарапынан қолдаудың иісін де сезбей келеді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
АЙҒАНЫМ ДОСТАНБАЙ, ТІЛШІ: «Құдды бір мұздың үстімен келе жатқандай әсер қалдырады, иә?!. Алайда бұл ешқандай да мұз да, қар да емес. Қостанай облысы Жанкелдин ауданынан 100 шақырым қашықтағы қара тұз көлі. Кейбірі тіпті, «Әулие тұз» деп те атап кеткен. Себебі, мұның тұзы дертке шипа, суы емге дауа деген сенім бар.
Жаз айлары басталысымен, жылда бұл маңнан кісі қарасы үзілмейді. Елдің әр түкпірінен ат арытып келетіндердің қалауы сол қаратұздың қасиеті. Көл басынан кездестірген Мырзахан аға, осы өңірдің байырғы тұрғыны. Ауыл іргесіндегі тұзды көлге жиі келеді. Өзгелер секілді шипасына сенеді, өйткені…
МЫРЗАХАН ҚҰДАБАЕВ, АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ес білгелі бар ғой иә, қаратұз осы жерде?
-Бұл ес білгелі, ата-бабамыздан бері келе жатқан тұз ескі. Қасиеті енді шалдардың айтуынша, қазіргі кезде осыған енді салқын тиген белінің құяңы бар адамдар түседі. Сосын соған емдік қасиеті бар. Ертерек кездерде малдың қотырын, түйелерді осы қаратұзға салып, жазып алған қазақ.
-Мынадай ойықтар бар иә? Тұздың үстінде менің байқағаным, оқпан дейді, осындай оқпандар мұнда көп. Бұлар өзі өзгеріп отыратын нәрсе, бірде біреуі бітеліп жатса, екіншісі пайда болып жатады.
Көлдің аумағы 10 мың шаршы метрді алып жатыр. Бетіне су жиналған сайын тұзы да еселенетін көрінеді. Зерттеулер көрсеткендей, 40 миллион тоннадай тұздың қоры бар мұнда. Ішкі нарықты айтпағанда, сыртқа саудалауға да жеткілікті көлем бұл. «Тек осыны игеріп, игілігін көре алмай отырғанымыз жанға батад», – дейді ауыл әкімі. Осылайша иесіз жатқан өндірістік орын, туристер үшін тартымды мекенге айналып шыға келді.
БАЛҒАБАЙ ҚАЛИЕВ, АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: «Аға, мынау тұздың беті аппақ болып көрінгенімен, астыңғы жағын ойып алып қараса, кәдімгі қара тұз, иә?
— Бұл енді табиғаттың байлығы, қара тұз деп аталуы. Беті сумен қайтадан түзілген тұз. Ақ болады, әрі қарай ар жағы түбіне дейін қара тұз. Біздің мәлімет бойынша, тереңдігі 18 метр. 18 метр тереңдікте кристалды қара тұз. Дәмі кәдімгі тұздың, ащы.
Мынаны өзен суына жуып, кептіріп, қол диірменнен өткізіп, ет тұздаймыз. Тек қана ет тұздауға ма? Жоқ, тамаққа да болады.
Кеңес одағы кезінде бұл тексерілген. Бұнда иоды, құрамында иоды өзі жеткілікті. Табиғаттан. Аралдың тұздарына келер болсақ, йодтайды ғой, мұныкы өзі бойынша йод.
АЙҒАНЫМ ДОСТАНБАЙ, ТІЛШІ: «Торғай жеріндегі тағы бір тылсым орындардың бірі – ыстық су. Жердің астынан шығып тұрған мына бұлаққа қолды ұзақ уақыт бойы малып тұру мүмкін емес. Білетіндердің айтуынша, қысы-жазы 70-80 градус температураны ұстап тұрады екен.
Ыстық су мен тұзды көлдің арасы шамамен 1 сағат. Қаратұзға келетіндер мұнда да соқпай кетпейді. Тек қос қасиетті мекенде инфрақұрылым жайы ақсап тұр. Адам аялдайтын үй-жайды айтпағанда, қарапайым дәретхана таппайсың.
БАЛҒАБАЙ ҚАЛИЕВ, АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: « Жолдың алыстығы, жол дұрыс болмағаннан кейін жалғыз ыстық су, қаратұз емес, біздің Ахмет Байтұрсын бабамыздың туған үйі, туған жері киелі мекен мысалы. Үйі де бар. Соның бәрін туризмге айналдыру мақсатында пландар бар гой енді».
Инвесторлар өңірге толассыз келіп-кеткенімен, әзірге ешқайсысы ақша құюға асығар емес. Алда ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы келе жатыр. «Жергілікті жұрт мерейтой аясында шалғай ауылдың күйіне көңіл бөлінсе», деген талап-тілектерін жеткізді.