ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ – КІТАП

«Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары деп санаймын». Әбіш Кекілбаев.

Кітап-біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Халқымыздың рухани  қазынасын   толықтырып тұратын бар білімнің алтын қоры кітапханада. Кітапхана – парасаттылық пен біліктіліктің ордасы. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.  Кітапхана  –   оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітапханашыларкітапханаға келген оқырмандарға кажетті  әдебиеттерін тауып берумен қатар көптеген іс- шаралар, кездесу кештер, пікірталас, конференциясы, кітап көрмесін,санқиялы тарихты басынан өткізген халқымыздың тарихын,өнегелі әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, мәдени-мұраларын,әдебиет қазыналарын оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.

Жуырда С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын   жүзеге асыру аясында «Кітапхана қорын пайдаланудың әдістері мен түрлері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинардың мақсаты –- заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану және кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, алған білімдерін жетілдіру. Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері    Нұрбек  Танирбергенов,    АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының кітапхана меңгерушісі Нұргүл Ермекова, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Инновациялық және әдістемелік жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Алтынгүл Ермекбаева, Алға ауданы №4 Алға орта мектебінің кітапханашысы  Асем  Баубекқызы және қалалық, мектеп пен аудандық кітапханашылар қатысты.

Семинарға келген қатысушыларға кітапхана ісі туралы мәліметтер беріліп, нормативтік – реттеуіш құжаттар туралы түсіндірілді. Семинар барысында АҚ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының кітапхана меңгерушісі Ермекова Нұргүл «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында кітапхана жұмысының жаңа бағдары» тақырыбында кітапханаларында қолданып жүрген жаңа тәсілдерімен, олардың тиімділігі туралы ақпарат берді.  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі     Алтынгүл     Асқарқызы «Елбасының рухани жаңғыру мақаласының кітапханада жүзеге асырылуы» тақырыбында баяндама оқып, слайд көрсетті. Сонымен қатар С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жас кітапханашысы Лаура Ерікқызы ақын Гүлжайнар Калдинаның «Рухани жаңғыру» өлеңін жатқа оқыды. Сондай-ақ басқа да қатысушылар өздері дайындаған жұмыстарына шолу жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар осындай ұйымдастырылған семинардың пайдасы кітапханашылардың арасында әріптестік орнайды, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы кітап оқуды насихаттау, заманауи әдіс-тәсілдерді үйреніп қана қоймай кітапхана жұмысында қолдану өте тиімді екендігін айтып, алғыстарын білдірді.

Шара барысында «Рухани жаңғыру»     кітапхана      өмірінде» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы кітапханашыларға кітапхана жұмысының сан қилы әдістерін меңгеріп, білімді де білікті маман ретінде оқырман көңілінен шығып, еңбектеріне толағай табыс тіледі жәнеАқтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы қатысушыларды Алғыс хатпен марапаттады. Қатысушылар семинардан көптеген ақпараттар жинап, жаңашылдыққа ұмтылыс, серпін алып тарқасты.

Гүлжан ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ

Ақтөбе қаласы

Бөлісу: