Үкімет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады, деп хабарлады dasturkb.kz. 

Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, қалалық индустриялық аймақтың резиденттерімен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысанның қызметімен және құрылысымен танысады.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

Бөлісу: