«Ұлттық» мәртебесі бар мәдени ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті

«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осындай 5 ұйым бар, алайда Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін алқа мәжілісінде министр Асхат Оралов атап өтті. Ол биылғы жылы мәдениет саласының тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілетінін айтты.

«Биылғы жылы да сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту назардан тыс қалмайды. Шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, сондай-ақ үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, би ансамблі әртістерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр.

Осы орайда, заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кетті», -деді Асхат Оралов.

Бөлісу: