Ұлттық қолөнер бабалар мұрасы

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі экспозициясындағы киіз үйдің төр жағы

Ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұрамыздың бірі – киіз үй ұлттық өнеріміздің төл туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы. Қазақ халқының ғасырлар бойығы тәжірибесінен туындаған, уақыт, заман сынынан сүрінбей өткен киелі киіз үйдің өзіндік ерекшелігі де тұрмысқа бейімділігі адам өміріне пайдасы зор екенін білеміз. Адам баласының тіршілігі ғұмыры осы киіз үйден яғни шаңырақтан бастау алады. Ол мәдени тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай.Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір-сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып тарих арнасына айналды. Соның ішінде киіз үйдің алатын орны ерекше.

         Киіз үйдің ағаш жабдығы үйдің сүйегі деп аталады. Ол үйдің сүйегіне мыналар жатады: есік, босаға, табалдырық, жақтау ағаш, сықырлауық, иткірмес, маңдайша, топса, кереге, уық, шаңырақ, күлдіреуіш. Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп киіз үйдің төбесін шығарып тұратын иінді ұзын ағаштарды уық деп атайды. Киіз үйдің маңдайшасына 6 уық байланады, 6 қанат киіз үйдің уығының ұзындығы 15-16 қарысқа дейін барады. Уықтың ағашы мықты болуы керек. Уық бау үшін оны қозға салып түзетеді. Содан кейін сыртын жонып тазалап өңдеген. Уық иінін тезге басып иеді де тақыр жерге белгілі тәртіп бойынша тағылған қалып қазықтар арасына қыстыра береді.Мұндай қалыптың болуы үйшінің уық біркелкілігін сақтай отырып, жылдам істеуін қамтамасыз етумен бірге, жаңа иілген уық иінінің қатпай жатып жазылыңқырап кетуіне мүмкіндік бермейді. [1, 16 б.]

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі экспозициясындағы киіз үйдің асханалық бөлігі

   Шаңырақ киіз үйдің төбесін шығарып тұратын шеңбер төбе жағы жарық түсіп тұратын түндік деп аталады. Сол арқылы ошақтың түтіні жоғары қарай шығады. Байлар шаңырақты сүйектеген немесе күмістеген. Киіз үйдің есігі сықырлауық деп аталады. Оның есігі екі ашпалы болады. Маңдайшадан, табалдырықтан, екі босағадан тұрады. Босағасы жіңішкеріліп әсемделіп өрнектелген, және сүйектеліп безендіріледі. Кейде бәсекелес төрелер мен байлар киіз үйдің есіктерінің ішкі жағын түгелдей әр түрлі өрнекті сүйек, күміс әшекей және әр түрлі асыл тастармен де сәндейтін болған.[2, 17 б.] Ашпалы есіктің сыртқы жақтары өрнектеліп сырланған өрнектері қашалып, өрнек айқындала түседі. Өрнектері өсімдік символдық, зооморфтық болып бөлінеді. Киіз үй есіктерінің барлығында өрнек болмайды. Түнде киіз есікпен жапқан ол түрлі түсті жіптермен тігіліп, безендірілген. [3, 91 б.]

         Керегеге қатысты көптеген атаулар бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат) керегенің басы, керегенің құлағы, керегенің қасы, керегенің көзі, керегенің сағанағы, керегенің аяғы, керегенің иесі.  Киіз үйдің киіз жабдығы мыналардан құралады: түндік, үзік, туырлық, киіз есік, дөдеге, үзіксән.Киіз үйдің арқан жібі, таңғышы былайша аталады: теңдік бау, туырлық бау, үзік бау, белдеу арқан (жіп) бастырық арқан, тегеріш, басқұр, таңғыш, уық, таңғыш, жел бау, уық бау,керме жіп.

   Киіз үйдің тіреу ағаштары, байлау қазықтары мыналар: сырық, бақан, адал бақан, жел қазық, төр қазық.Киіз үйдің жасауларына келер болсақ ол үй иесінің байлық дәулетіне қарай әр түрлі дәрежеде болады. Әйтсе де олардың ең бастылары мыналар: текемет, тұс киіз, сырмақ, кілем, алаша, көрпе, жастық, бөстек, тайтері, тулақ,шымылдық т.б. және төсек ағаш, жүк аяқ, сырлы кебеже, бесік, құс тұғыр, абдыра, сандық, шарайна т.с.с.

   Киіз үй орталық және Орта Азияны қоныстаныған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Ол мәдени тұрмыстық және де шаруашылық мақсатқа арналған деп төрт түрге бөлінеді: жаздың киіз үй, немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй және асхана қойма, сарай ретінде тігілген киіз үй. Ақ үй, боз үй, ақ орда деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Жас жұбайларға арналған отау үйде жасау жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді. Қазіргі біз көріп жүрген киіз үй бірден осы қалпында пайда бола қойған жоқ. Ол негізінен адамзат дамуының әр кезең сатыларындағы тұрғын үйдің қарапайым түрлерін жетілдірудің нәтижесі болып табылады.

         Киіз үй бір жағынан көшіп қонуға ыңғайлы, жеңіл, болып жасалса екінші жағынан даланың дауылы мен боранына қарсы тұратындай берік болып жасалады. Сондай-ақ киіз үй күннің ыстығы, түннің салқындығы, көктем мен күздің жаңбырына қарсы қорған болған.

          Киіз үйдің ішкі жабдықтарына басқұр – киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстастыру және сыртқы киіздерін бастырып. Олар басқұр, құр, танғыш, шалма, туырлық, үзік және түндік баулар, бау, иық бау, жел бау т.б.

         Ақ басқұр ақ фонда түрлі-түсті жіптерден өрнек жасап, терме алаша әдісімен тоқылады. Бұл басқұр сәндігімен қатар киіз үйдің керегесімен уығының біріккен жерін жасыру мақсатында қолданады.

         Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау құрлар қолданылады. Таңғыш – екі керегенің сағананың кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл-арқан. Желбау-өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр- киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын өрнекті жалпақ құр. Үзік уықтың үстіне жабылатын киіз.

          Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр.Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады.

Киіз үй көшпелілердің баспанасы болғандықтан Қазақстанның мұражайларында киіз үй және оның жабдықтары қойылған.Ақ басқұр және ала басқұр деген болады. Оны киіз үйдің сәндігі үшін пайдаланады. Ақ басқұр және ала басқұр деген болады. Оны киіз үйдің сәндік үшін пайдаланатын болған. Ақ басқұр ақ түсті жіптен қақпа алаша  тоқылу әдісімен тоқылған өрмек үстіне түкті кілем тоқу мәнерімен өрнектеледі. Ақ түске қызыл, сары, көк, жасыл жіптермен термелеп өрнектер салады. Ала басқұр киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасырады. Басқұр терме алаша секілді тоқылады. Ұзындығы 8-15 м, ені 25-40 см. Киіз үйге әсемдік үшін тағылатын әр түрлі баулар болған, жел бау, бас бау, иін бау, аяқ бау, уық бау, уық шылғыш бау.

          Жел бау киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтың күлдіреуіш ағашынан төмен тартып бастыруға пайдаланатын шашақты бау. Бас бау туырлық үзіктің жүннен есіп жасаған жоғары баулары. Иін бау киіз есіктің 2 жақ иінінде ілінетін өрнектеп тоқылған құр бауы. Аяқ бау киіз үй ішінде сәндік үшін уықтың иінінен төрт жерден байланатын шашақталып жасалған бау. Уық пен керегенің бастарына уықтың аяғын бекітетін бау. Уық шалғыш бау уықтардың арасынан қашыртпау үшін уықтың иілген иығынан таңып байланатын бау. Таңғыш екі керегенің қанатының қосылған жерінің жігін біріктіріп байланатын термелеп тоқылған жіңішке құр. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтарына қоржындар, аяққап, сандыққап, қолдорбалар, жүк жапқыштар, киіз үйдің сәнділігіне ажар береді. Әбдіре жапқыш ақ киізден ою-өрнекті жиектеп салыпкестелеп тоқылады.Сондықтан бояуы мен өрнегін сақтау үшін пайдаланады. Желіні киізден жасаған, түкті, түксіз алашалар қырынан жасалады. Көлемі 50х100 см. Екі жанына шашақтар салынады. Түбіне кесте тігіледі. Жағ жағына өрілген 2 бауы болады. Осы баумен киіз үйдің керегесіне байлап қояды желіні жұмсақ заттар, кілемшелер, кілемдер салуға пайдаланады. Қоржынға зат салған немесе тамақ салған, ол түкті және түксіз болып бөлінеді. Аяққап ыдыс салатын дорба оны мал шаруашылығында қазан басында ұсталатын  ыдыс-аяқты жинақтап таза сақтау үшін жасалған. Бұрын кілем, алашаның өрнекті тұстарын ойып алып жасайтын болған. Кесеқап – ыдыс – аяқ сақтайтын зат. Оны ақ киізден өрнек салып құрақтан құрап жасаған. Шәйнекқап ыдыстарды сындырмай сақтауға арналған ақ киізге ою-өрнектер салған.Ірге киіз – керегенің төменгі жағынан топырақ, шаң, жел кірмес үшін киіз үйдің іргесіне ұстайтын киіз. Туырлық керегенің аяғынан басына дейін киіз үйді айнала бойында баулары болады.Осы бау арқылы түндіктің бір бұрышын ашып жабуға пайдаланады. Түндік түнде жабылып, таңертең ашылады.

         Киіз үй жасайтын адамды үйші деп атайды. Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты үйшілердің өздері өте ерте көктемнен бастап әзірлейді. Бір жыл бұрын немесе бес ай бұрын оны көлеңкеде кептіреді. Шаңырақты қайың ағаштан жасаған. Ол ұзын болады және бұтақсыз болады. Ағаштың қабығын сыдырып қоятын болған, себебі дер кезінде сыдырылмаса , біріншідені ол кеппейді, екіншіден шіри бастайды. Әбден кепкен үй ағашын үйшілер қақсал кепкен ағаш дейді және ол жоғары бағаланады.[4, 9 б.]

         Қазақ халқының көшпелі тұрғын жайы туралы мақала жазудағы мақсатымыз, қазақ халқының заттық мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы көпшілікке насихаттау.

  Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алма-ата 1987 ж. 16 б.
  2. Осында. 17 б.
  3. Маргулан А. Казахское народное прикладное искусство. Алма-ата. 1986. 91 с.
  4. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алма-ата 1987 ж. 9 б.

Гүлнәр Боранбайқызы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ғылыми қызметкері

Бөлісу: