Абайдай ұлы ойшылы бар халықтың тектілігі де – сонда, ақынның қалдырған құнды мұрасын жоғалтпай сақтап, ұмытпай оқып келеді. Ендігі жерде болашақ ұрпақтың Абай тағылымын  түсініп, заманына сай дамып, күн сайын өркендеп жатқан ғылым-біліммен алға озуын тілейміз де.

Өйткені жаңашыл жастар өз ұлтының ғұламасынан қалған мұраны терең зерттеп ұғынбайынша, өзгенің жауһар жырларын бойына сіңіре алмайды. Өз ұлтынан шыққан ақынның мол мұрасын ұғынып өскен ұрпақ оны өзгеге де қадірлете біледі. Қазақтай халық Жер бетіндегі өзге ұлттармен бірдей, мемлекетіміздің басқа мемлекеттермен бір дәуірде бірге жасап, тілі мен діліне, ұстанымына қарамай тең дәрежеде ғұмыр кешіп келеді. Ендігі жерде біздің мемлекетіміздің жаңашыл жастары білім-ғылымымен, мәдениетімен, өзіне тән ұлтық өнерімен және Абайдай алып ақынның соңында қалған баға жетпес құндылығымен ерекшеленбек.

Ең бастысы, кешегі көнені бүгінгі жаңамен ұштастыру керектігі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған күннен бастап қолға алынса, кешегі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы арқылы алдымен сананы жаңғыртып, өткенімізді ұмытпай, бабалардан қалған тағылымға мән беру арқылы алға жылжу қажеттігін түсіндірді. Абай арқылы рух серпілді, ұлттық намысы бар білімді адам ендігі жерде ұлттық болмыстың үлгісін дүниенің қай шетінде жүрсе де көрсете алады әрі одан айырылмайды. Жан ұшырып жеткен жаһандану дәуіріне туғанына биыл 175 жыл толатын Абай мұрасымен қадам баспақ.

Сондықтан да олардың болмысындағы ұлттық мінез ешқашан өзгермейді. Өйткені Президентіміздің мақаласында айтылғандай, ақынның өзі ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді. Әр адамның осыны терең түсіне алатынына да сенеміз және сенгіміз келеді…

Дәстүр

Бөлісу: