Әбдіжәміл ​Кәрімұлының​ жарқын​ бейнесі​ ұмытылмайды

Бүгін, Алматыда көрнекті​ қаламгер,​ Қазақстанның​ Еңбек​ Ері,​ КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық​ жазушысы,​ Ұлы​ Отан​ соғысының​ ардагері​ Әбдіжәміл​ Кәрімұлы​ Нұрпейісовтің​ жылдық асы өтті.
Әбдіжәміл​ ағамыз сұрапыл​ соғыстан елге​ оралған​ соң,​ қазақ​ әдебиетін​ өркендетуге​ сүбелі​ үлес​ қосты.​ ​
Ұзақ​ жылғы​ шығармашылық​ еңбегі жемісті​ болып, жазушының «Қан​ мен тер», «Соңғы​ парыз» романдары мен басқа да шығармалары бүгінде қазақ әдебиетінің алтын қорындағы қымбат қазынаға айналды.
Ұлт руханиятының көшбасшысы болған жазушының романдары​ әлемнің​ көптеген​ тілдеріне​ аударылды.​ ​
Өзі өмір сүрген заманында қоғамдағы түрлі​ тағдыр иесінің бейнесін​ көркем​ суреттей​ отырып​ жазған еңбектерін қарапайым оқырмандары жоғары бағалап, қызығып оқыды.
Ұлт алдындағы перзенттік парызын абыроймен атқарған, ардақты жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовты еске алу асына
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт минстрі  Асхат Оралов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен көрнекті жазушы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаев, ақын-публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Өтеген Оралбайұлы, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының президенті Әділ Қойтанов, журналист, саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов, белгілі ақын Мырзан Кенжебай, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Соңында​ ұрпаққа​ үлгі болар мол мұра қалдырған​ Әбдіжәміл​ Кәрімұлының​ жарқын​ бейнесі​ ұмытылмайды.​

 

Бөлісу: