2021 жылғы мамырдағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

1
Фото ашық дереккөздерден алынды
ҚР Ұлттық банк мамыр айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Дәстүр  Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инфляция және инфляциялық күтулер
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы мамырда инфляция
0,7% (2020 жылғы мамырда – 0,5%) болды.

Жылдық инфляция 7,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,7%-ға, ақылы қызметтер – 5,1%-ға жоғарылады.

2021 жылғы мамырда халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,6% болды.

Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары
Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы мамырда алдын ала деректер бойынша 6,5%-ға (жылдың басынан бастап 2,3%-ға) ұлғайып, 36,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Резервтердің өсуі депозиттердегі және Ұлттық Банктегі шоттардағы қаражаттың ұлғаюы есебінен оның бағасының және еркін айырбасталатын валютадағы активтердің артуы аясында алтын портфелінің өсуі нәтижесінде орын алды.

Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (58,6 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы мамырдың соңында 95,0 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы мамырда 4,4%-ға кеңейіп (жылдың басынан бастап
5,5%-ға), 10 317,2 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 6 034,9 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға (жылдың басынан бастап 18,6%-ға) кеңейді.

2021 жылғы мамырда ақша массасы 2,2%-ға ұлғайып, 27 446,6 млрд теңге болды (жылдың басынан бастап 10,1%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 2 964,6 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға (жылдың басынан бастап 4,8%-ға) ұлғайды.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары
2021 жылғы 7 маусымда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/- 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[1] 2021 жылғы мамырда пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2021 жылғы мамырда TONIA орташа алынған мәні жылдық 8,1%-ды (2021 жылғы сәуірде – 8,8%) құрады.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2021 жылғы мамырдың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 5,4 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 149,0 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 459,8 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 1 672,8 млрд теңге болды.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 6,6%-ға төмендеп,
2021 жылғы мамырдың соңында 3 173,6 млрд теңге болды.

2021 жылғы мамырда жалпы сомасы 2 185,2 млрд теңгеге 6 аукцион, оның ішінде 1 632,0 млрд теңге сомасына 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 8,99%), 453,2 млрд теңге сомасына 3 айлық ноттар бойынша
1 аукцион (кірістілік – 9,13%), 100 млрд теңге сомасына жартыжылдық ноттар бойынша
1 аукцион (кірістілік – 9,14%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2021 жылғы мамырда
2 182,0 млрд теңге болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары

2021 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 204,7 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. 2021 жылғы мамырда барлығы 12 облигация шығарылымы орналастырылды, онда
2 жылдан 14 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 9,65%-дан 10,62%-ға дейінгі мөлшерді құрады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы мамырда 1,7%-ға төмендеп, 9 885,7 млрд теңге[2] болды.

2021 жылғы мамырдың соңында кірістілік қисығы[3] 4 жылға дейінгі сегментте кірістіліктің өскенін көрсетті, бұл ретте 4 жылдан асатын сегментте 2021 жылғы сәуірдің соңындағы деңгеймен салыстырғанда кірістіліктің төмендегені байқалады.

Валюта нарығы

2021 жылғы мамырда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 426,12 – 429,20 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы мамырдың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,1%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 428,71 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,1 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,4 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 8,7 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 66,3% немесе 5,7 млрд АҚШ доллары (2021 жылғы сәуірде – 73,0% немесе 7,2 млрд АҚШ доллары) болды, бұл оның меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты орын алды. Осы операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныстың немесе ұсыныстың арақатынасына әсер етпейді.

2021 жылғы мамырда халық нетто-негізде 157,3 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 7,8%-ға (2021 жылғы сәуірде – 170,7 млрд теңге) төмендеді, 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (146,2 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 7,6%-ға ұлғайды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 65,6%-ға немесе 103,2 млрд теңгеге, Ресей рублін – 28,9%-ға немесе
45,4 млрд теңгеге, еуроны – 5,4%-ға немесе 8,5 млрд теңгеге сатып алуға бағытталды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға жұмсалатын шығыстар бір айда 0,1%-ға (5,4%-ға төмендеді ж/ж), еуроны сатып алуға жұмсалатын шығыстар 2,5%-ға өсті (14,0%-ға өсті ж/ж). Ресей рублін сатып алуға жұмсалатын шығыстар өткен аймен салыстырғанда, керісінше, 23,0%-ға төмендеді (1,5 есе өсті ж/ж).

Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,1%-ға ұлғайып, 2021 жылғы мамырдың соңында 24 482,0 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 12 679,5 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері –11 802,5 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 15 462,0 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға, шетел валютасындағы депозиттер – 9 020,0 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы мамырдың соңында 36,8% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы мамырда
7 768,5 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға, шетел валютасындағы депозиттер – 4 911,0 млрд теңгеге дейін 4,2%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінен 38,7%) ұлғайды.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 7 693,5 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға, шетел валютасындағы депозиттер – 4 109,0 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға (жеке тұлғалар депозиттерінен 34,8%) төмендеді.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 2,1%-ға ұлғайып, 16 846,9 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 677,5 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 169,4 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы мамырда 7,3%-ды (2020 жылғы мамырда – 7,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,6%-ды (10,3%) құрады.

Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,6%-ға ұлғайып, 2021 жылғы мамырдың соңында 15 640,6 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі
7 431,1 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі
8 209,5 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 13 627,5 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,3%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 2 013,1 млрд теңгеге дейін 12,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 12,9%-ға өсіп, жеке тұлғаларға кредиттер 4,4%-ға төмендеді. Кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2021 жылғы мамырдың соңында 87,1% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 13 412,8 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 227,8 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы мамырда 2 827,0 млрд теңгеге дейін 12,2%-ға (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 18,1%) өсті.

Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең көп сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 29,3%), сауда (21,4%), құрылыс (8,0%) және көлік (5,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2021 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,6% (2020 жылғы мамырда – 11,4%), жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша – 17,5% (17,6%) болды.

Төлем жүйелері

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2021 жылғы мамырда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 68,0 трлн теңге сомасына 4,5 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда саны бойынша 5,3%-ға азайып, сомасы бойынша – 6,2%-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,8 трлн теңге сомасына 250,2 мың транзакция жүргізілді.

2021 жылғы 1 маусымда 21 банк және «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 53,7 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы мамырда төлем карточкаларының 47,8%-ы (25,6 млн) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021 жылғы мамырда 7,4 трлн теңге сомасына 532,1 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда транзакциялар саны 15,3%-ға, сомасы – 7%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 95,5% (508,3 млн теңге) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі 77,1% (5,7 трлн теңге) болды.

2021 жылғы мамырда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 78,1 млрд теңге сомасына 0,2 млн аударым болды.
2021 жылғы сәуірмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің азаюы 14,3% болды. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен транзакциялардың жалпы санының 76,8%-ы (0,2 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасының 93,5%-ы (73,1 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 23,2%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасының 6,5%-ы (5,0 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 21,0 млрд теңге сомасына 0,1 млн транзакция алынды.

Зейнетақы жүйесі

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-мамырда 211,0 млрд теңгеге немесе 1,6%-ға азайып, 12 702,5 млрд теңге болды.

2021 жылғы қаңтар-мамырда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2021 жылғы 1 маусымда 6 208,7 млрд теңгеге дейін 654,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы
1 маусымда 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы қаңтар-мамырда зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,5 трлн теңге болды.

2021 жылғы 1 маусымда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 40,5%-ы және 25,5%-ы) иеленеді.

Бөлісу: