Жапония үкіметі отставкаға кетіп, жаңа Премьер-Министр сайланды

Өкілдер палатасы сәрсенбі күні Ёсихидэ Суганы ресми түрде жаңа Премьер-Министр қылып сайлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Елдегі басқарушы Либералды-демократиялық партияның жаңа басшысы Ёсихидэ Суга елдің экономикасын қалпына келтіру және коронавирус инфекциясымен күресу мәселесін өз бақылауына алады.

Суга несие-қаржы саясатын ырықтандыру мен қаржылық ынталандыру шаралары кіретін Синдзо Абенің саяси курсын жалғастыруға уәде берді. Сонымен қатар ол қызметінен кеткен Абэмен бірге жұмыс істеген министрлерден жаңа Үкімет құратынын мәлімдеді.

71 жастағы Ёсихидэ Суга Жапония экономикасын нығайтуға қатысты бірқатар шараларды атап өтті.

Олар Үкіметтің коронавирус инфекциясымен күреске, оның ішінде зардап шеккен кәсіпкерлерге субсидия бөлу мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған, 2,2 триллион долларды құрайтын шаралар кешенін толықтырады.

Сондай-ақ Жапонияның жаңа Премьер-Министрі ұлттық қауіпсіздікке қатысты ел саясатын толығымен қайта қарайтыны айтылған.

Бөлісу: