20 қыркүйектен бастап АҚШ-та TikTok және WeChat мобильді қосымшаларын жүктеуге, таратуға немесе қолдануға тыйым салынады. Бұл туралы АҚШ сауда министрлігінің сайтында хабарланды, деп хабарлайды «Дәстүр» сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, сол күннен бастап WeChat көмегімен АҚШ-та ақша аударуға немесе төлемдерді өңдеуге тыйым салынады.

Ведомстводан хабарлағандай, қосымшалар пайдаланушылардың кең ауқымды деректерін жинайды: олардың орналасқан жері, желілік белсенділігі, сондай-ақ қарау және іздеу тарихы. Сонымен қатар, WeChat және TikTok қолдану АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қолайсыз қауіп-қатер тудырады деп болжанады.

Кейінірек TikTok әлеуметтік желісінің өкілдері АҚШ билігіне АҚШ Сауда департаментінің шешімімен келіспейтінін және жаңа пайдаланушыларға қосымшаны жүктеуге тыйым салынғанына наразы екенін айтты.

TikTok өкілдері қосымшаны АҚШ-тың 100 миллион тұрғыны қолданатынын еске салды. Компания олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олар бұрын-соңды болмаған ашықтық пен жауапкершілік деңгейін қамтамасыз ету міндеттемесін қабылдағанын айтты.

TikTok АҚШ-тағы қосымшаның қызметі мен жұмысына американдық технологиялық провайдер жауап береді деп қосты.

Естеріңізге сала кетейік, TikTok қосымшасы тыңшылық қызмет деп аталды және деректерді жинады деп айыпталды.

Бұған дейін Тикток пен WeChat Үндістанда тыйым салған.

Бөлісу: