Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга бүгін жұмыс сапарымен Баян-Өлгий аймағында болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент 2020 жылдың 18 – қыркүйекте Завхан аймағында, 19 қыркүйекте Увс аймағында халықпен кездескен еді.

Ал бүгін Баян-Өлгий аймақтық Музыкалы драма театрында аймақ халқымен кездесу өткізді. Сонымен қатар мемлекет басшысы көп балалы аналарды бірінші, екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапаттады. Баян-Өлгий аймағында 550-ге жуық көпбалалы ана президент қолынан «Ана даңқы» орденін алды. Оладың 82-сі бірінші дәрежелі орденге ие болса, 466-сы екінші дәрежелі орденге ие болды.

Дереккөз: baq.kz

Бөлісу: