Қырғызстанда осымен үшінші рет төңкеріс қайталанып отыр. 2005 жылы Ақаевты орнынан кетіріп, 2010 жылы Бакиевты қуған қырғыздар бұл жолы Жээнбековке жылы қабақпен қарай ма? Бакиевты орнынан кетіргенде транзиттік билікті аман-есен өткерген Роза Отынбаева «Ақ үйдің өкілдері кеше митинг жасаушылармен бетпе бет жүздесіп, алдын ала сөйлесуі керек еді» дегенді айтты. Ал аяғы мемлекеттік төңкеріске ұласып, қайталана беретін қырғыз оқиғасының астарында не жатыр?

-Ең басты мәселе, кешегі парламенттік сайлау әділетсіз өтті. Ашынған топ әділдік іздеп, көшеге шықты.
-Сайлау нәтижесі бұрмаланған. Дауысты сатып алу деректері көп кездескен.
-12 партия сайлаудың нәтижелері мойындаған жоқ.
-Қырғыз елінде өз мүддесін көздеген ірі кландық топтар билікпен ешқашан ымыраға келмейді.
-Мұндай кландық топтардың тартысынан кейде халық құрбан болады.
— Қырғызстанда мемлекеттік басқару аппараты өте әлсіз. Ел билікке сенбейді. Халық қаржылық олигархиялық топтардың тартысынан шаршаған.
-Елді басқарған үш президенттің де басына қара бұлт үйірілді. Ендігі кезекте – Жиэнбеков…
-Заң-закөн әлсіз. Халық бір толқыса, сотталып кеткен шенеунік ертесіне түрмеден босайды. Кеше экс-президент Алмазбек Атамбаев пен экс-премьер Сапар Исаков бостандыққа шықты. Бірқатар шенеуіктер мен депутаттар да қамаудан босады.
-Құқық қорғау органдары елде тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды.
-Халықтың тұрмысы төмен. Алты миллионға жуық қырғыздың 2-3 миллионы нәпақа іздеп сыртта жүр. Ал елдегі халықтың 22 пайызы кедей.
-Қырғыз елінде жоғары биліктің жиі ауысуы оларға деген сенімді жоғалтқан. -Халықтың санасында «ұнамаса, төңкеріп тастаймыз» деген демократияның тағылық көрінісі бар.
-Кешегі қырғыз бүлігін Беларусь елінде өтіп жатқан саяси мәдениеті жоғары наразылық шеруімен салыстыруға мүлде болмайды.
-Ең бір қиыны, жиі қайталанатын қырғыз төңкерісі елдегі экономикалық реформаларды баяулатады. Популистік ұран көбейеді. Халық үмітпен әр лидердің соңынан ереді.
— Ең қиыны, елдегі бірқатар қаржылық-өндірістік топтар мен партия лидерлерінің мүддесі мемлекеттік мүддеден биік тұр.
— Анығы, қырғыз елі авторитарлық жүйені қаламайды.

Қырғызстандағы оқиғаны халықтың еркіндік пен әділдікке ұмтылысы дейік. Десек те, мүмкіндік болып тұрғанда, бәрі құқықтық заң шеңберінен аспауы керек. Ақ үйдің алдына келіп, талап ет, бірақ Президент заң шығарып, қол қойып отырған мемлекеттік нысанды өртеп, дүние мүлікті талан-таражға салу бұл демократияның жарқын көрінісі емес.

Қазір Қырғызстанда саяси дағдарыс. Үкімет жоқ. Жоғорғу Кенеш кезектен тыс сессиясын шақырды. Аймақ басшылары отставкаға кетті. Оппозициядағылар елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты форум өткізіп жатыр.
…Расында Қырғызстанда президент болу қауіпті!

Берік Бейсенұлы,
Журналист
facebook парақшасынан

Бөлісу: