Ашыту сәтінен бастап әбден иіні қанып піскенге дейінгі уақытына қарай қымызды: әлсіз, орташа және күшті деп үш категорияға бөледі.
Әлсіз қымыз қоюлау, газы тез қайтады, дәмі болар-болмас қышқылдау келеді, тілді қуырмайды. Тұнған кезде екі түрлі: төменгі қоюлау, жоғарғы – сұйықтау қабаттар пайда болады және кесенің қабырғаларына ұсақ көпіршік болып тұнады. Оның құрамында бір пайыздық этил спирті болады.
Орташа қымыз аз көпіршиді. Дәмі соғұрлым қышқыл әрі өткір келеді. Кесе қабырғаларына әлсіз көпіршік болып тұнады. Ыдыста тұрған кезінде екі бөлікке бөлінбейді. Құрамында 1,5 пайыздық этил спирті болады.
Күшті қымыз аз көпіршиді. Дәмі соғұрлым қышқыл әрі өткір келеді. Кесе қабырғаларына әлсіз көпіршік пайда болады. Бұл да екі бөлікке бөлінбейді. Құрамында 1,75-тен 3,0 пайызға дейін этил спирті болады.
Б.Асылбеков
(Жалғасы бар)