Абайдың «Қара сөздері» театр сахнасынан бірде — ойға батырып, енді бірде — қуантып көрерменге сыр айтты, сырласты, мұңдасты. Біріне-бірі жалғасып өрілген ғажап көріністермен жүректі тербеді, санаға сіңді. «Сегіз аяқ» әні де бүгін өзгеше шырқалды, ерекше әсер етті. Мұның бәрін соншама түсінікті әрі жеңіл жеткізуге ұмтылған режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың мақсаты да осы болса керек, сом алтындай салмақты сөздің құнын жоғалтпаған, қадірін кетірмеген күйі сәлден соң-ақ Абайдың жан дүниесімен дүйім қазақ бірігіп, біртұтас әлемге айналып сала берді. Әп-сәтте қазақы болмысымызға оралтты, ұлттық рухты көтеріп, айбынымызды асқақтатты. Абайдың «Қара сөздеріне» жан бітірген «Қара» қойылымы өркениетке ұмтылған ұлттың ұрпағын жаһандануға жұтылып кетуден сақтап қалатынына сенгіміз келеді.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе