Бүгін таңертеңнен бастап қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасына шағымдануда. Олардың айтуынша, бүгін қосымшада ақаулар пайда болған. Банктегілер осы ақуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Дәстүр» порталы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Банк өкілдері бұл жағдайдың техникалық мәселелердің төңірегінде болғанын айтты. Сонымен қатар олар тез арада бұл келеңсіздікті жоятынын жеткізді.
«Өкініше қарай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болып жатыр! Картамен төлеу, банкоматтарда картаға ақша салу немесе оны жіберу, сондай-ақ ақша аударымдарын жасау уақытша мүмкін болмай тұр. Біз бұл ақауды тезірек жоюға тырысып жатырмыз. Кешірім сұраймыз», – дейді олар.
Еске салатын жайт, қазақстандықтардың кейбірінің шотындағы ақша азайса, тағы біреулерінде керісінше көбейіп жатыр.