Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Шерзод Хаширбаев Солтүстік Америка кубогінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «dasturkb.kz» сайты Olympic.kz. сілтеме жасап.
Аталған турнир АҚШ-тың Юта штатында өткен болатын. Хаширбаева 95.17 ұпай жинап, алтын жүлдегер атанды. Күміс медаль канадалық Эмиль Надоның, қола жүлде америкалық Эрик Крюгердің еншісінде. Қазақстандықтар Роман Иванов алтыншы, Ильдар Батрутдинов сегізінші орында.