Балқарлардың Қазақстанға қоныс аударуы

Шешен мен ингуш халықтарын көшіру операциясынан кейін совет билігі енді Кавказдың оңтүстік бөлігін тазалауға кірісті

ІІ Дүниежүзілік соғыстың қызған шағында балқарларды Орта Азия мен Қиыр Солтүстікке депортациялау операциясы басталды. Фашистік вермахт өз алдына совет әскерінің оң қапталын жоюды мақсат етіп қойған 1942 жылдың жазғы кампаниясы барысында балқарларды көшіру туралы әңгімелер басталды.

Немістердің күшін жете бағаламау және Кавказдағы қорғаныс редуттарын күшейту бойынша іс-шаралардың дер кезінде жүргізілмеуі — советтік қолбасшылық қателігінің нәтижесі болды, соның салдарынан Донбассты қорғау операциясы барысында совет әскері күйрей жеңілді. Украинаны иемденгеннен кейін вермахт әскері өз күшін Солтүстік Кавказды жаулап алуға бұрды.  Бұл оқиға тарихта «Кавказ үшін күрес» деген атқа ие. Бұл шайқас екі кезеңнен тұрды – 1942 жылдың 25 шілдесі мен 31 желтоқсаны және 1943 жылдың 1 қаңтары мен 9 қазаны.

1942 жылдың екінші жартысындағы кампанияда неміс әскерлері жетістікке жетті: 1942 жылдың қазанынан қарай Ставрополь, Армавир, Майкоп, Краснодар, Элиста, Моздок, Новороссийсктің едәуір бөлігі немістерге өтіп, Эльбрусқа неміс туы тігілді. Алайда кампанияның екінші кезеңінде совет әскері жеңіске жетті. Совет әскерлері неміс әскерлерінің елге бойлай енуі тоқтатып, Краснодар өлкесі, Қалмақия,  Шешен-Ингушетия, Солтүстік Осетия, Қабарда-Балқария, Ростов облысы, Ставрополь өлкесі, Черкес, Қарашай және Адыгей автономиялық облыстары азат етілді. Айтылған территориялар жаудан азат етілгеннен кейін ССРО басшылығы Кавказды жауға көмектесті деп айыптады. Айыпталған халықтардың ішінде балқарлар да болды.

Атап айтқанда, оларға Нальчикті жау қолына қалдырғаны кінә боп тағылды және жанталасып кейін шегініп бара жатқан кезде балқарлар қарсыласқа 314,9 мың қой, 45,5 мың ірі қара мал мен 25,5 мың жылқы тастап кеткен. Оның үстіне республика басшылығы партизан қозғалысын да ұйымдастыра алмады.

Картинки по запросу балқар

Жоғары совет басшылығы бұл әрекеттерден Кавказ халықтарының сатқындығын көріп, 1944 жылдың 23 ақпаны – 9 наурызында алғашқы болып Шешен-Ингуш АССР-нің халқы депортацияға ұшырады. Шешендер мен ингуштардан кейін қабардалықтар қоныс аударылды. 1944 жылдың 24 ақпанында Сталинмен болған жеке әңгіме кезінде Лаврентий Берия балқарларды депортациялауды ұсынады.

26 ақпанда Берия НКВД бойынша «Балқар халқын ҚБ АССР-нен көшіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрық шығарады, бұл туралы ол кумеховқа 2 наурызда хабарлайды. Сатқындық пен коллаборационизмге айыптаудан басқа, тарихшылар совет басшылығының балқарларды депортациялау туралы өз шешімін негіздеген тағы да бірқатар факторларын келтіредісондай факторлардың бірі – сталинизм. 359 236 этникалық балқардың 17 мыңға жуығы саяси желі бойынша тұтқындалып, оның 2184-і атылған.

Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ішінде Қабарда-Балқар облыстық атқару комитетінің төрағасы Ако Гемуев, Қабарда-Балқар облыстық жер бөлімі бастығының орынбасары Келлет Ульбашев, балқар әліппесін жасаушы Магомед Энеев, Чегем аудандық атқару комитетінің төрағасы Хасан Аппаев, ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Азрет Мокаев, Эльбрус аудандық атқару комитетінің төрағасы Амуш Настаев, ақын Ахмадия Ульбашев және басқалары болды. Осы «халық жауларының» аттары күштеп көшіруге сылтау болды.

Балқарларды депортациялаудың тағы бір себебі – балқар халқының фашистік басқыншыларға қарсы күреске «аз үлес» қосуы. 23 ақпанда Берия Қабарда-Балқар АССР-нің балқар аудандарының жай-күйі туралы З. Кумеховтан анықтама сұратады. Бұл анықтамады республика территориясында қылмыстық топтардың қызметі айтылып, оларға вермахтпен белсенді ынтымақтастық жасады, совет үкіметіне қарсы әрекеттер жасады, мал, азық-түлік және қару-жарақ ұрлады деген айыптар тағылады. Анықтама былай аяқталады: «Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, балқарларды ҚБАССР-інен аулаққа көшіру мүмкіндігі туралы мәселені шешу қажет деп санаймыз». Айта кету керек, бірқатар мамандар бұл анықтама З. Кумеховсыз жасалған дейді.

Картинки по запросу балқар

Осы анықтаманың негізінде Берия Сталинге жағдайды баяндайды:

…1942 жылы Балқариядағы антисоветтік элементтер Қызыл Армия тылында өздерінің қастандық әрекеттерін мейлінше белсендірген, майданнан қашқан дезертир балқарлардан бандиттікбүлікші топтар құрғанБалқар аудандарының советтік және партиялық басшылық қызметкерлерінің біраз бөлігі бандаға кеткенНеміс басқыншылығын балқарлардың көпшілігі қуана қарсы алғанНемістердің және олар әкелген эмигранттар Шокманов пен Кемметовтың айтуымен балқарлар балқарияның Қарашаймен бірігуі туралы қарашайлармен келіскен…

2 наурызда Берия Приэльбрусьеге келіп, кумеховқа балқарларды ҚБАССР-нен көшіру жөніндегі және олардың жерінің Грузин ССР иелігіне берілетіні туралы қабылданған шешімді хабарлайды.

5 наурызда Мемлекеттік қорғаныс комитеті «Балқарларды ҚБАССР-нен көшіру туралы» бұйрық шығарады. Сол күні-ақ балқар ауылдарына ЖШҚА мен НКВД әскерлері келе бастайды. Приэльбрусье аумағы негізінен балқарлар тұратын бес сектордан тұратын: Эльбрус, Чегем, Хуламо-Безенгиев, Черек және Нальчик.

8 наурыз таңертең осы бес секторда тұратын балқарларға жолға жиналу туралы бұйрық беріледі. Азамат және Отан соғыстарының қатысушылары, мүгедектер, майдангерлердің ата-аналары, әйелдері мен балалары, барлық дәрежедегі советтердің депутаттары,, партиялық және советтік органдардың басшылары…

Екі сағаттың ішінде барлық балқарлар теміржол стансасына жеткізіліп, 14 эшелонның тауарлық вагондарына тиеледі. Бір эшелон әрқайсысына 45 адам сыятын 56 вагоннан тұрды. Эшелондар Орта Азияға 24 наурызда келіп жетеді. Жататын орны мен пеші жоқ вагондарда 18 күн жол жүріп келгендердің 562-сі қайтыс болып, келу орнына 32 884 адам жеткен. 1944 жылғы 8 сәуірде ССРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы автономияны Кабардин АССР-і деп өзгертіп, Эльбрус пен Приэльбрусьені Грузияға беру туралы қаулы шығарады.

Арнайы қоныс аударылғандардың біраз бөлігін Қазақстан өз құшағына алады (16 684 адам), қалғандары келесі аудандарға бөлінеді: Қырғыз ССР-і (15 743), Өзбек ССР-і (419), Тәжік ССР-і (4), Иркут облысына (20), Қиыр Солтүстік (14). Арнайы көшірілгендер ай сайын арнайы комендатураға келіп белгіленуі керек болды, оларға өз аудандарынан кетуге тыйым салынды, ал өздігімен кетіп қалу қылмыстық немесе әкімшілік қудалаумен жазаланды.

12 жылдан кейін, 1946 жылғы 28 сәуірде, ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы «Ұлы Отан соғысы кезінде көшірілген ССРО азаматтары – қырым татарларының, балқарлардың, түріктердің, күрдттердің, хемшилдердің және олардың отбасыларының құқықтық жай-күйіндегі шектеулерді алу туралы» жарлық шығарады. Жарлық қоныс аударылғандардың туған өлкелеріне қайтып оралуын қарастырмаған, дегенмен де халықтар туған жерлеріне қайта орала бастады. Бұл ресми шешім қабылдауды жеделдетті.

1956 жылғы 24 қарашада КОКП ОК қаулы қабылдап, онда депортацияны озбырлық және заңсыздық актісі деп мойындады. 1958 жылдың ортасына дейін балқарлықтардың негізгі бөлігі (35 274 адам) жаңадан құрылған Қабардин-Балқар АССР-не оралады, ал 1979 жылға қарай депортацияланған балқарлықтардың 90%-ы Кавказға оралады. Алайда, қоныс аударывлған жерлерінде қалуға ниет білдіріп, қалғандар да бар, мысалы, 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстанда Павлодар, Алматы, Жамбыл облыстарында, Алматы, талдықорған, Ақмола, Шымкент және Жамбыл қалаларында 2967 адам тұрған.  

Депортацияланған балқарлардың немесе кейін Қазақстанда туғандардың арасынан советтік актер әрі әнші Азнор Ульбашевті атап айтқан жөн. Ол 1944 депортацияланғандардың ішінде болған, сол кездегі Талдықорған облысына бөлінген, ал 1946 жылы ҚазССР-ене депортацияланған корейлерден құралған Николай Мунның оркестріне қосылады.

Бұдан басқа, халық ақындары Азамат Суюнчев пен Магомет Мокаевтың, балқар сатиралық әңгімесінің негізін қалаушы Жагафар Токумаевтың өмірінің көп бөлігі Қазақстанда өткен. Мектеп мұғалімі Сұлтан Бабаев депортацияға дейін ҚБАССР МҚМ (МГБ) қызмет еткен, алайда Берияның өкімімен қызметтен шығарылып, репрессияланған. ҚазССР Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты басшылығы оны қайтадан қызметке алады. Алайда көп уақыт өтпей тағы да қызметтен шығарылып, Алматы қаласында №3 мектепте мектеп мұғалімі болып істейді.

Балқарлардың депортациясы – сталиндік террор мен ССРО-ның репрессиялау саясатының жойқын залалды акциясы.  

Аян Бекжан

Бөлісу: