Көктеммен ілесе келетін көңілді мерекелердің бірі ол – 8 ші наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы. Қыс аяғы бітіп, жердегі ақ көрпе кетісімен көктемнің алғашқы күндері жадырап сала береді. Бұл кезде табиғатта тосын мінезінен арылып, ағаштар бүр жарып, құстар даланы әнге бөлейді. Көшеде жүрген жандарға назар салсаңыз әрқайсысының жүзінен жылылық, қыздардың бойынан анаға тән мейір, күннің көзіндей шуақты аңғару қиын емес.
Табиғатынан сыйлы болып жаратылған анадан асқан жүрегі жылылыққа толы жан жоқ шығар. Сол үшін де болар бүкіл әлем аналардың алдында бас иетіні. Ақ сүтін ақтау үшін, ананың алдындағы адамдық борышын өтеу үшін бұл күні барлық аналарды қуанышқа кенелтуге тырысады.
Қазақ ежелден қыз баланы құрметтеген ел. Қызын төрге шығарған халық. Бір қолымен бесікті екінші қолымен әлемді тербеткен аналарды әрдайым қадір тұтқан.
Біздің де санамызға сіңіп кеткен сегізінші наурызды тойлау тұрмысымызға енгелі қашан. Осы күні аналардың құшағы гүлге толады. Ес білген бүлдіршіннен бастап есейген баласына дейін анаға деген ақ тілегін арнап жатады. Осы күні біздің елде ғана емес, төрткүл дүниені мекендейтін әйелдер қауымы да осы айтулы күнді атаусыз қалдырмайды.
Бір күндік қуанышы бір жылға созылып, аналық мейір шапағаты арта түсері анық. Жаныңды нұрға, өзіңді қуанышқа бөлейтін көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер мейрамымен бүкіл аналарды және оқырмандарды «Дәстүр» журналының атынан құттықтаймыз!
Қыз-келіншектердің, аналарымыздың, әжелеріміздің отбасыларына береке, бірлік еңбектеріне жеміс тілейміз. Аналар әрдайым күліп жүріңіздер! Жүздеріңізден нұр, жандарыңыздан шуақ кетпесін! Бүкіл қазақ халқының аяулы қыз-келіншектері, аналар мен әпкелер, әжелері аман болсын!!! Мерекелеріңзбен!!!