Қазақ дәрігерлері туралы біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткен мұралар негізінен ауызша мағлұматтардан тұрады. Сонымен қатар саяхатшылардың жазып қалдырған мәліметтерінен де көп нәрсе табуға болады.
- Қойдың жауырын сүйегін, тасбақаның сауытым, қасқырдың тұяғын, байғыздың сырағы мен қауырсынын, жыланның бас сүйегін, жай тасты және т.б. мойынға тағып жүрсе, түрлі пәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтайды деп санаған.
- Байғыздың тырнағы мен қауырсынының фетиш болу себебі құс ежелден қасиетті деп саналған. Қыздардың, әйелдердің, балалардың бас киіміне үкі қауырсынының әдеміленіп қадалуы тек сән үшін ғана емес, ол қауырсындар пәледен, жаладан қорғайды деп түсінуден де. Жас балалардың киіміне үкінің қауырсыны тағылса, бала ауру-сырқаудан сау болады делінген. Үкінің аяқ-тырнағы, қауырсыны адамды жын-перілердің соғуынан сақтайды, деп оны жас баланың бесігіне, киіз үйдің босағасына байлайды.
- Қасқырдың тырнағы пәле-жаладан, ал тізе сүйегі (ұршығы) буын ауруларынан, көз тиюден сақтайды деп саналған. Халық медицинасындағы қасқырдың мұндай орны оның көне түрік тайпаларының аңыз-әңгімелерімен тығыз
Байланыстығында. Көкжал қасқыр түріктердің тотемі (Л. Н. Гумилев). «Қорқыт ата» қиссасында «Менің бір тамырым қасқырдан шыққан» деп жырланады.
Қасқырды пір тұтуды қазақтың осы заманғы өмірінен де кездестіруге болады. Құмалақ салғанда: құмалақтар үш-үштен бірінші қатарға түссе, оны «үш бөрі» деп, құмалақ салуды тоқтатып: «сенің алдыңнан үш бөрі шықты, сенің ісің сәтті болады» дейді.
- Тілден, көзден, пәледен сақтану үшін, бойға ауру-сырқауды дарытпас үшін «есек тасты», «жай тасын» пайдаланған (Ш. Ш. Уәлиханов). Халықтың түсінігі бойынша есек тас есектің асқазанында болады-мыс. Ал, жай тасы көктен түседі делінген. Ал өзіне көз тидіге санаған әйелдер ақ қой мен қара қойдың жүнін шүберекке орап, денесіне тағып жүреді.
- Жын-шайтандар бурадан қорқады, одан қашады делінген. Сондықтан толғағы келген әйелдің маңына бураны байлап қоятын болған. Мұны әйелді босану үстіндегі қауіп-қатерден қорғайды деп түсіндірген.
Сондай-ақ жүкті әйел түйенің етін жемеуге тиіс, түйе етін жеп койса, жүктілік 12 айға созылып кетеді. Жүкті әйел керулі арқаннан аттамауға тиіс, аттаса кейін босанғанда, баланың кіндігі шұбатылып, оралып қалуы мүмкін, делінген. Сонымем қоса, босану үстіндегі әйелдің басына кірпінің тікенегім басады, баланың бесігіне де оны байлап қояды.
- Халық арасында кеңінен тараған сенімдердің бірі — ошақ орнында, көшкен ауылдың орнына жын-шайтан жиналады деу. Сондықтан да ошақ орнын басуға тиым салынған, көшкен елдің орнына, жұртына қонуға болмай-ды деген. Егер адам кездейсоқ ошақ орнын басып кетсе, ол ауру-сырқауға ұшырап қалуы мүмкін, көштің орнынан жүріп өтсе, буын ауруларына ұшырап қалуы ықтимал, деп түсіндірген. Көш орнында, бұрынғы ауыл жұртында әр түрлі жұқпалы аурулар, яғни ауру тудыратын микробтар қалуы ықтимал. Олар сол ескі ауыл орнын басып өткендерге жұғып, ауру шығаруы мүмкін.
- От та адамды әр түрлі қауіп-қатерден, жын-шайтаннан, ауру-сырқаудан құтқарады делінген. Сондықтан отты қазақ ішінде осы уақытқа дейін қастерлейді, отқа түкіруге, отты басуға болмайды. Баланы әр түрлі ауру-сырқаудан сақтау үшін бесіктің ағашын қатты қызған темірмен немесе отпен айнала қырып-күйдіріп, таңба салған. Жанып тұрған екі оттың ортасынан өту де ауру-сырқаудан, пәле-жаладан құлан-таза құтылудың жолына саналған. Егер мал жұқпалы ауруға ұшыраса, оны да жанған оттың ортасынан айдап еткізген. Тіпті адамның біреуге берген анты мен серті шын, таза болуы үшін де жанған оттың ортасынан өткізген. Біреу-міреуге сөзінің шын екенін дәлелдеу үшін: «міне, от басы» — деп сөзін жалғастырады.