ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Дәстүр Ақордаға сілтеме жасап.
Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын, делінген Қаулыда.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.