Еліміздегі жолдар сын көтермейді

Жолдар

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», деп жазды Мемлекет басшысы твиттер парақшасында.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым», деп жазды.

Бөлісу: