Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды Дәстүр.

«Отандастарымызды Елорда күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы дала кіндігінде Тәуелсіздігіміздің жарқын символына айналған заманауи қала бой көтерді. Елорда ұлтымызды жасампаздыққа, даму мен өрлеуге жетелейді» – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бөлісу: